Синтетикалық есірткінің сарсаңы

Петропавлда сақшылар жалпы мектепішілік жиналыста дизайнерлік есірткілердің зияны туралы айтты.
Петропавл қаласы Полиция басқармасының Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл бөлімінің қызметкерлері №1 орта мектеп оқушыларының ата-аналар жиналысына қатысты. Полицейлер педагогтар мен ата-аналарға қазіргі заманғы синтетикалық есірткінің түрлері мен балалардың тыйым салынған заттарды қолдануын анықтау туралы әңгімеледі.
«Легалка», «спайс», «скорость», «соли» – осындай дизайнерлік есірткілер көп атқа ие болған. Бұлардың бәрі адам денсаулығының жауы: синтетикалық есірткі қолданған адам 5 жылдай ғана өмір сүреді. Синтетикалық есірткі қолданатын нашақорлармен жұмыс істейтін дәрігер-наркологтар оларды қос диагнозды пациенттер деп атайды: біріншісі – есірткіге тәуелділік болса, екіншісі – психиатриялық. Полицейлер мен дәрігерлер бұл жайлы, сондай-ақ, жақын адамыңыз синтетикалық уды қолданып жүргені белгілі болған жағдайда не істеу қажеттігі туралы жоғарғы сынып оқушыларының ата-аналарына әңгімелеп берді.
Жедел уәкілдер аудиторияның назарын қазіргі заманғы есірткілерді тарату тәсілінің өзгеруіне аудартты. Егер табиғи есірткілерді өткізуге әккі дилерлер болса, енді қылмыскерлер спайстарды сатуға жасөспірімдерді белсенді тартуда. Бұл үшін ВКонтакте әлеуметтік желісі мен Telegram мессенджері қолданылуда. Полицейлер ата-аналарды балаларында қосымша ақшаның, жаңа гаджеттерге қайдан келгеніне назар аударуға шақырды.
Ата-аналар тарапынан Наталья Чуприкова пікірін айтты: «Аталған жалпы мектепішілік жиналыс ата-аналар мен балалар үшін аса маңызды. Мектеп қабырғасында өткізілуі орынды және ата-аналардың бәрі жиналады. Бүгінгі таңда есірткі заттарының жаңа түрлері пайда болуда және қандай жағдайға тап болатынын ата-аналар біле бермейді», – деді.
Іс-шара соңында қатысушыларға қазіргі заманғы қоғамда синтетикалық есірткіге қарсы күрес туралы «Ақылсыз ойын» деректі фильмі көрсетілді.
Солтүстік Қазақстан облысы ПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы, полиция полковнигі Жандос Басыбаевтың айтуынша, осындай іс-шараларды полицейлер барлық мектептерде өткізеді. 8 айда облыс аумағында есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл саласында 136 түрлі есірткі қылмыстары анықталды. Оның ішінде заңсыз айналымнан 200 келі есірткі заты, соның ішінде 113 грамнан астам героин, 93 гр кокаин және 734 гр астам синтетикалық есірткі алынды.

Солтүстік Қазақстан облысының ПД баспасөз қызметі

Алғашқы болып пікір жазыңыз

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.


*