ЖОО полицияға кадр дайындайды

Қостанай облысының Полиция департаментінде М. Дулатов атындағы Қостанай инженерлік-экономикалық университетімен ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойылды.
Бұл – түлектерді жұмысқа орналастыру және ғылыми тәжірибе алмасу бойынша уағдаластыққа қол жеткізген жетінші жоғары оқу орны.
– Біз Қостанай инженерлік-экономикалық университетінің түлектері оқуды аяқтағаннан кейін Қостанай облысының ПД қызметкерлері қатарын толықтырады деп үміттенеміз, әсіресе жергілікті полиция қызметі үшін кадрлар керек, – деп атап өтті ПД бастығының орынбасары, полиция полковнигі Ардақ Ынтықбаев.
Айта кету керек, бүгінде облыстық Полиция департаментінің алдында көлікті техникалық қадағалаумен байланысты мамандықтар бойынша үміткерлерді іріктеу мәселесі өткір тұр. Тараптар ынтымақтастық өзара тиімді болады деп санайды.
– Ынтымақтастық шеңберінде студенттер үшін экскурсиялар, практикалық сабақтар өткізу жоспарланады. Осының барлығы болашақ мамандарды полицияда қызмет етуге қызықтырады. Оның үстіне, бүгінде тәртіп сақшыларында жақсы әлеуметтік пакет бар, – деп атап өтті университет ректоры Марат Баяндин.
Меморандумға Ішкі істер органдарын жаңғырту жөніндегі 2019-2021 жылдарға арналған Жол картасын іске асыру шеңберінде қол қойылды.

Қостанай облысының ПД баспасөз қызметі

Алғашқы болып пікір жазыңыз

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.


*