Теннің тамаша жетістігі

Қызылордалық мерген, полиция майоры Айнұр Тен оқ ату бойынша шеберлігін көрсетті.
Павлодар қаласында ІІМ-нің VIII Спартакиадасы және «Динамо» ФСО бағдарламасында жауынгерлік қарумен атудан жарыс өтті. Үш күнге созылған сайысқа 17 аумақтық Полиция департаментінің және Көліктегі Полиция департаментінің өкілдері, сонымен қатар, ІІМ, ҰҚБ, ҰҚБ Шекара қызметі, ІІМ Мамандандырылған күзет қызметі басқармаларының өкілдері қатысты.
Әйелдер арасындағы жеке біріншілікте жауынгерлік қару ату бойынша Қазалы ауданы Полиция бөлімінің аға инспекторы Айнұр Тен ІІІ орынды иеленді. Бұл сайыста мерген өз шеберлігін жоғары деңгейде көрсетіп, қоғам тыныштығы мен халықтың қауіпсіздігі күзетінде тұратын полиция қызметкерлерінің жауынгерлік дайындығы талапқа сай екендігін дәлелдеп берді.
Марапаттау рәсімінде оған диплом мен сыйлық табыс етілді.

Қызылорда облысының ПД баспасөз қызметі

Алғашқы болып пікір жазыңыз

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.


*