Әлем біріншілігінен күміспен оралды

Ақтөбе вокзалында төтенше жағдайлар қызметкерлері жуырда Ресей Федерациясының Сарытау қаласында өткен өрт-құтқару спортынан әлем чемпионатында жоғары нәтиже көрсеткен спортшыны ерекше құрметпен қарсы алды.
Біздің елдің ерлер командасы жалпыкомандалық есепте екінші орынды жеңіп алып, жанкүйерлерді ептілігімен, күш-жігерімен және шыдамдылығымен таң қалдырды.
Ресейде бір уақытта өрт-құтқару спорты бойынша төрт чемпионат – ерлер арасындағы XV, әйелдер арасындағы VI, жасөспірімдер мен жастар арасындағы IX, қыздар мен юниорлар арасындағы V әлем чемпионаты өткен болатын. Жалпы жарысқа барлығы 20 елден: Австрия, Әзербайжан, Белоруссия, Болгария, Германия, Иран, Үндістан, Италия, Қазақстан, Қытай, Латвия, Моңғолия, Польша, Сенегал, Словакия, Түркия, Өзбекстан, Чехия, Хорватия және Ресей командалары қатысты.
Жабылу салтанатында Халықаралық өрт сөндірушілер мен құтқарушылар спорт федерациясының туы келесі әлем чемпионаты өтетін ел – Қазақстан Республикасына берілді.
Ерекше жетістікке жеткен спортшыларымыз елге оралды. Ақтөбе темір жол вокзалында әріптестері мен туыстары өрт сөндіру қызметінің қызметкері, Қазақстан ұлттық құрамасының мүшесі Виктория Бекмұхамбетованы ыстық ықыласпен күтіп алды. Виктория осы чемпионатта команда құрамында жауынгерліқ қанат жаюдан екінші орынды иеленуге өзінің зор үлесін қосты.

Ақтөбе облысы ТЖД ӨСжәне АҚЖҚ

Алғашқы болып пікір жазыңыз

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.


*