«Жолда қабылдау» жемісін беруде

Мемлекет басшысының азаматтардың қауіпсіздігі үшін қызмет көрсету және кері байланысты ұйымдастыру тапсырмасы аясында ІІМ полицияның халықпен жұмысында елеулі өзгерістерді көздейтін жаңа жұмыс моделіне көшеді.
Жаңалықтар қатарында министр Е. Тұрғымбаевтың бастамасымен қолға алынған «Жолда қабылдау» ай сайынғы акциясы бар. Акция аясында азаматтар көшелерде, алаңдар мен аулаларда және сауда орталықтарында полиция бөлімдерінің, әкімшілік және көші-қон қызметтерінің бастықтарынан кәсіби кеңестер мен өзге де көмектер алды.
«Жолда қабылдау» акциясының сәуірден қыркүйекке дейінгі алты кезеңі ішінде қалалар мен ауылдардың тұрғындар мейлінше көп шоғырланған орындарына орналасқан 5 мың мобильді полиция пунктінде 120 мыңнан астам азаматтың өтініштері зерделенді. Бұған қосымша 2,5 мыңға жуық «қауырт» және әлеуметтік желілер арқылы өтініштер қабылдау ұйымдастырылды.
Бөлімше басшылары алдын ала жазылусыз және бюрократиясыз «кабинеттен тыс» азаматтарды қабылдауды жүргізді, ал адамдар өз проблемаларын формальды емес жағдайда жедел шешуге мүмкіндік алды. Бұл, әрине, полицияның «әріптестік» қарым-қатынасын, сондай-ақ, халықпен «кері байланысын» нығайтуға ықпал етті. Акция маусым айынан бастап екі форматта: тікелей «Жолда қабылдау» және көппәтерлі үйлер мен тұрғын үй кешендерінің аулаларында ұйымдастырылған «Аулада қабылдау» азаматтарды мобильді қабылдау түрінде жүргізілді.
«Аулада қабылдау» шеңберінде азаматтардың өтініштері қаралып, ПИК төрағалары, тұрғын үй инспекциясы және әкімдік қызметкерлерін тарта отырып, учаскелік полиция инспекторлары мен олардың бастықтары тарапынан кеңестер берілді.
Акцияны өткізу барысында барынша өзекті болған мәселелер:
– әкімшілік айыппұлдарды төлеу (22,4 мың)
– жол қозғалысын ұйымдастыру (16,9 мың)
– автокөліктерді тіркеу (15,8 мың)
– көші- қон қызметі (15 мың)
– жүргізуші куәліктерін беру (11,4 мың)
– автокөліктерді қайта жабдықтау (9,6 мың)
ІІО басқа қызметтері желісі бойынша 17,2 мыңнан астам сұрақ қойылды.
Сонымен қатар, тұрғындардан қоғамдық қауіпсіздік, жол қауіпсіздігі, көші-қон, тергеу және т.с.с. салалардағы жұмыстарды жақсарту бойынша 2 мыңнан астам ұсыныс келіп түскенін атап өтуге болады. Бұл өткізілген акцияның тиімділігін және халықпен кері байланыстың жақсаруын көрсетеді.
Бұған қоса, «Жолда қабылдау» акциясынан тікелей эфир өткізу кезінде азаматтардан әлеуметтік желілер арқылы 25 мыңға тарта сұрақтар келіп түсті.

ІІМ баспасөз қызметі

Алғашқы болып пікір жазыңыз

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.


*