Қоғамдық көліктер тексеріледі

Қостанай полицейлері қоғамдық көліктердегі тексерісті күшейтпек. Бұл туралы Қостанай облысы Полиция департаментінің бастығы, полиция генерал-майоры Бекет Аймағамбетов патрульдік полицияның гарнизондық жиналысында хабарлады.
Облыста жыл басынан бері автобус жүргізушілерінің қатысуымен 2 жол-көлік оқиғасы орын алған. Аталған апаттарға автобус жүргізушілері кінәлі.
– Бүгінде автобустардың техникалық жағдайына назар аудару қажет және тізгіншінің «Д» санатындағы жүргізуші куәлігінің болуы маңызды, – деп атап өтті ол патрульдік полицияның жеке құрамына.
Департамент бастығы Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауында қойылған, сондай-ақ, Ішкі істер министрлігі белгілеген басым міндеттерге тоқталды.
– Полиция мемлекеттің күш құралы ретінде емес, азаматтарға олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін қызмет көрсету жөніндегі орган болады. Жолдауда адамдардың қажеттіліктеріне жедел ден қою мемлекеттік органдар қызметінің басты басымдығы екені атап өтілді. 2019-2021 жылдарға арналған ішкі істер органдарын жаңғырту жөніндегі Жол картасы да осыған бағытталған, – деді полиция басшысы.
Осыдан бір жыл бұрын облыс орталығының патрульдік полиция қызметкерлері автопатрульдер мен стационарлық бекеттердің кезекшілерін қысқарту есебінен жаяу патрульдеуге ауыстырылды.
Жыл басынан бері патрульдік полиция қызметкерлерімен 500-ге жуық қылмыстық іс жедел ашылып, 70 мыңнан астам әкімшілік құқық бұзушылық анықталды.

Қостанай облысының ПД баспасөз қызметі

Алғашқы болып пікір жазыңыз

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.


*