Таңғы нұсқамадағы тапсырма

Елордалық Полиция департаментінің бастығы Ержан Саденов қызмет атқару басталғанға дейін күнделікті таңғы нұсқама жүргізу барысында Патрульдік полиция полкі полицейлерінің даярлық деңгейін тексерді.
Күнделікті қаладағы құқықтық тәртіпті күзету үшін қабылданып жатқан нақты шараларды анықтау және жедел жағдай туралы ақпаратпен қызметкерлерді таныстыру мақсатында Патрульдік полиция полкінің аумағында күн сайын даярлық пен нұсқама жүргізіледі.
Тұрақты және қауіпсіз жағдай үшін күн сайын елорда аумағында қоғамдық тәртіпті күзетуге бағытталған іс-шара өткізіледі. Осылайша, құқық бұзушылықтардың алдын алу, жолын кесу мақсатында 15 қыркүйек пен 10 желтоқсан аралығында Нұр-Сұлтан қаласында «Учаске» жедел алдын алу іс-шарасы қолға алынды.
Қоғамдық тәртіп күзеті бойынша қызмет атқаруға Патрульдік полиция полкінің қызметкерлерімен қатар Нұр-Сұлтан қаласындағы ІІМ Ұлттық ұланының күштері мен құралдары, сондай-ақ, жұртшылық өкілдері жұмылдырылған. Құқық бұзушылықтарға жасалған талдауды назарға ала отырып, полицейлер көппәтерлі тұрғын үйлердің аулаларын, жер үйлерді және көңіл көтеру мекемелері орналасқан орындарды патрульдейді. Жалпы алғанда елордадағы қоғамдық орындар мен қала көшелеріндегі қылмыстардың саны төмендеуде. Бұған өткізіліп жатқан жедел алдын алу іс-шаралары ықпал етуде.
«Қызмет атқаруға түскен әрбір полицей қоғам алдындағы өз жұмысының жауапкершілігін сезінуі, әскери қызметтік тәртіпті бұзу фактілеріне жол бермеуі, азаматтармен мәдени және сыпайы қарым-қатынас жасау қағидасын ұстануы, елорда тұрғындары мен қонақтарынан келіп түскен арыздарды назардан тыс қалдырмауы тиіс. Сіздердің әрқайсыларыңыз азаматтардың тыныштығы мен қауіпсіздігін қамтамасыз ете отырып, полиция қатарындағы қызметті лайықты атқаратындарыңызға сенімдімін», – деді.
Сондай-ақ, таңғы нұсқама кезінде Полиция департаментінің бастығы Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаевтың бұйрығын жеке құрам назарына жеткізді және төтенше жағдай кезінде ерлік көрсеткені үшін Патрульдік полиция полкінің қызметкері Дінмұхамед Масадықовқа ІІМ «Төтенше жағдайдағы ерлігі үшін» медалін табыс етті.

Нұр-Сұлтан қаласының ПД баспасөз қызметі

Алғашқы болып пікір жазыңыз

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.


*