Суицидке қарсы кешенді жұмыс

Жуырда ЗК-169/5 мекемесінде жеке құрам қызметкерлерінің қатысуымен «ҚАЖ қызметкерлері арасында суицидтің алдын алу» тақырыбында семинар өтті.
Семинарды мекеме бастығының орынбасары, әділет подполковнигі Сейілхан Тоқтамысов ашып, соңғы жылдары қоғамға айықпас дерт болып жабысқан ғылыми атауы «суицид» деп аталатын адамның өзін-өзіне қол жұмсауы бүгінгі күннің аса өзекті мәселесіне айналып отырғанын атап өтті. «Суицидтің алдын алу үшін бірінші кезекте күнделікті қарым-қатынастағы жақын адамдарымызға жылы шырай танытып, ішкі жандүниесін түсінуміз қажет. Сонымен қатар, жеке құрам қызметкерлерімен тұрақты түрде тәрбиелік мәні бар іс-шаралар жүргізу керек», – деді.
Одан соң ЗК-169/5 мекемесі кадр саясаты тобының жеке құрам бойынша аға инспектор-психологы, әділет капитаны А. Беркінбеков «ҚАЖ қызметкерлері арасында суицидтің алдын алу» тақырыбында баяндама жасады. Ол өз баяндамасында қазіргі уақытта құқық қорғау органдарында қызмет барысында туындайтын келеңсіз жайттар және отбасындағы кикілжіңдер де суицид жасауға себепкер болатынын, осы жағдайлардың алдын алу мақсатында мекеме басшылығы қарамағында қызмет атқаратын қызметкерлердің отбасы жағдайын, күйзеліске түскен қызметкерді дер кезінде анықтап, қажетті көмек беру абзал екенін айтты.
«Жыл басынан «суицид» тақырыбында қызметкерлерге 4 рет семинар-трениг өтті. Суицидтік мінез-құлыққа бейім адамдарды анықтау мақсатында психодиагностикалық кешен жүргізіледі. Жұмыстардың нәтижесінде суицидтің белгілері бар қызметкерлер анықталған жоқ», – деді әділет капитаны А. Беркінбеков.
Семинар солңында қызметкерлерге суицид туралы бейнероликтер мен жадынамалар таратылды.

Дана ДОСТАНОВА, Қызылорда облысы

Алғашқы болып пікір жазыңыз

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.


*