Колледждегі келелі шара

Ішкі істер органдарының жұмысын жетілдіру, оны жастарға түсіндіру іс-шараларын ұйымдастыру бойынша Түркістан облысы Полиция департаментіне қарасты аудан-қала басқарма/бөлім қызметкерлеріне жоғары және арнаулы орта оқу орындарына барып, кездесу ұйымдастыру тапсырмасы берілген.
Осыған орай, Қазығұрт ауданы №11 колледжінде ІІО-на қызметке орналасу үшін қандай оқу орнына түсу керектігін студенттерге аудандық полицейлер жіті түсіндіріп өтті.
Іс-шараға Қазығұрт ауданы ПБ бастығының КСЖ орынбасары, полиция подполковнигі Бақыт Сейсебаев, колледж директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Талғат Мақсұтов және Қазығұрт ауданы ПБ жергілікті полиция қызметі ювеналдық полиция тобының кәмелетке толмағандар істері жөніндегі аға учаскелік полиция инспекторы, полиция капитаны Есімхан Бақкелдиев, сондай-ақ, колледждің 2-3 курс студенттері қатысты.
Кездесу барысында жастарға болашақта полицей болу үшін бірінші кезекте шыдамдылық пен батырлық қажет екені түсіндірілді. Сондай-ақ, ІІО қызметкерлеріне бүгінгі уақытта барлық жағдай жасалғандығы айтылды.
Осындай келелі кездесу Сарыағаш аудандық Қабыланбек жоғары аграрлық-техникалық колледжінде де жалғасты. Сарыағаш ауданы ПБ Кадр саясаты бөлімі мен ювеналды полиция тобының қызметкерлері жоғарғы курс студенттеріне ішкі істер органдарының жоғарғы оқу орындарына оқуға жолдау және қызметке кандидаттарды қабылдау бойынша кәсіби бағдар беру жұмысын белсенді түрде жүргізді. Келешекте тәртіп сақшысы болғысы келетін студенттердің сұрақтарына толыққанды жауаптары беріліп, ашық сұхбат жүргізілді.
Колледж директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Абылай Бердіқожаев тәлім-тәрбие жөнінде ақыл-кеңестерін берсе, жиынға қатысушы полицейлер жасөспірімдер арасындағы қылмысты болдырмау мақсатында профилактикалық түсіндірулер жасады.

Түркістан облысының ПД баспасөз қызметі

Алғашқы болып пікір жазыңыз

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.


*