Вокзалдағы қабылдау

Өскемен-1 стансасындағы Желілік полиция бөлімінің қызметкерлері Өскемен темір жол вокзалында халықпен ашық диалог орнату мақсатында «Жолда қабылдау» ақпараттық-түсіндіру акциясын өткізді.
Кездесуге Өскемен-1 стансасындағы ЖПБ бастығы, полиция полковнигі Т. Бөкеев, Шығыс Қазақстан облысы филиалы бойынша көлік прокуроры Е. Төлегенов, «ҚТЖ» АҚ өкілі О. Қасымбеков, «Нұр Отан» партиясының өкілі М. Екібасова және Өскемен темір жол вокзалының бастығы Е. Ларионова қатысты.
Өскемен-1 стансасындағы ЖПБ бастығы, полиция полковнигі Темірлан Бөкеевтің айтуынша, «Жолда қабылдау» – азаматтар үшін ішкі істер органдарының жұмысы туралы сұрақтарын қоюға және толыққанды жауап алуға арналған алаң.
Шара шеңберінде азаматтар темір жол ұйымдарының өкілдері мен Өскемен-1 стансасындағы ЖПБ қызметкерлеріне өздерінің сұрақтарын қойды. Әсіресе, қалааралық пойыздармен азаматтарды тасымалдау, жастардың ішкі істер органдарына қызметке орналасуы туралы сұрақтар жиі болды. Сондай-ақ, жеке сұрақтар басым болды.
Көлік полицейлері өз кезегінде азаматтардың сауалдарын мұқият тыңдап, толыққанды жауап қайтарды.
Шара барысында Өскемен-1 темір жол вокзалына «Нұр-Cұлтан-Өскемен», «Алматы-Өскемен» жолаушылар пойцздары келіп тоқтады. Вокзал ішінде дауыс зорайтқышы арқылы «Жолда қабылдау» акциясы өтіп жатқандығы туралы ақпарат берілді.
Сондай-ақ, күнделікті жұмыста орын алатын өзекті сұрақтар мен ұсыныстар жайында айтылып, оларды шешу жолдары талқыланды. Соның ішінде Президент Жолдауындағы негізгі тапсырмаларды орындау, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес пен полиция қызметкерлерінің кәсіби деңгейін барынша арттыру мәселесі назардан тыс қалмады.

Өскемен-1 стансасындағы ЖПБ

Алғашқы болып пікір жазыңыз

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.


*