Халыққа құқықтық көмек

Төретам кентіндегі темір жол алаңшасында және Ақай ауылдық округінде орналасқан әкімдік ғимаратының алдында республикалық акция аясында азаматтарды жеке қабылдау өтті.
«Жолда қабылдау» іс-шарасының екі күні ішінде 163 өтініш келіп түсті, олардың 77,3% (126) жол жүрісін қамтамасыз ету және 22,6% (37) көші-қон заңнамасын сақтау мәселелеріне қатысты болды.
Жол қауіпсіздігі саласындағы арыздардың басым бөлігі ЖЖҚ бұзушылықтары үшін айыппұлдар төлеу тәртібі (жалпы санының 16,6% немесе 21), автокөлікті тіркеу және қайта тіркеу (15% немесе 19), жол жүрісін ұйымдастыру (13% немесе 17), жүргізуші куәліктерін беру және ауыстыру (23,8% немесе 30) бойынша болды. Сондай-ақ, азаматтар автокөлікті қайтадан жабдықтауды рәсімдеу тәртібіне, қарауға рұқсат құжаттарын беру мәселесіне (30,9% немесе 39) қызығушылық білдірді.
Акция барысында, осы бағыттағы құқықтық түсіндіру жұмыстарын жетілдіру, халыққа әкімшілік айыппұлдарды ерікті, оның ішінде қысқартылған іс жүргізу шеңберінде төлеу тәртібі, айыппұлдарды Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің ақпараттық сервисі арқылы онлайн қарап көру және төлеу мүмкіндігі туралы түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
Сонымен қатар, жүргізуші куәліктерін беру бойынша тұрғындарға құқықтық көмек көрсетілді.

Қызылорда облысының ПД баспасөз қызметі

Алғашқы болып пікір жазыңыз

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.


*