Әкім кубогы үшін

Көкшетауда «Динамо» спорт кешенінің базасында Ақмола облысы әкімінің кубогы үшін күш құрылымдары арасында қоян-қолтық ұрыстан турнир аяқталды.
Сегіз салмақ дәрежесіндегі мықтыларды анықтау үшін облыстық ТЖД өрт сөндіру бөлімінің, полиция, қылмыстық атқару жүйесі бөліністерінің, мемлекеттік кірістер бөлімдерінің, Ұлттық ұлан 5510 әскери бөлімінің және мамандандырылған күзет қызметінің командалары жиналды.
Іс-шараны Полиция департаментінің бастығы, полиция генерал-майоры Берік Біләлов ашып, жарыс қатысушыларына адал күрес тіледі.
Спорттық іс-шараның мақсаты – ішкі істер органдары қызметкерлерінің жағымды имиджін қалыптастыру және күш құрылымдары мен құқық қорғау органдары қызметкерлерінің дене дайындығын арттыру.
Жекелей есепте 60 келі салмақ дәрежесінде Есіл қаласы 23-ӨСБ өрт сөндірушісі Елубай Азамат 3-орынға ие болды. 70 келіге дейінгі салмақта 3-орынды Көкшетау қаласының 2-МӨСБ бөлімше командирі Тілеген Темірболатов иеленді.
Жалпыкомандалық есепте Өрт сөндіру қызметі үшінші орынға табан тіреді.
Жеңімпаздар мен жүлдегерлер грамоталармен, медальдармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.

Ақмола облысы ТЖД «ӨС және АҚЖҚ» ММ

Алғашқы болып пікір жазыңыз

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.


*