Ауқымды шараның алтыншы күні

Республиканың құтқару бөлімшелері «Қазқұтқару-2019» республикалық жиын-семинары шеңберінде «Жартасты қала – Астана» оқу-жаттығу полигонында жарысуды жалғастыруда.
Шараның алтыншы күні «Қапшағай су қоймасы акваторясында іздестіру-құтқару жұмыстары» дистанциясында құтқару көпсайысы бойынша командалар жарысты. Кәсіби құтқарушылар 4 кезең дистанциясын өтті: «Су астындағы іздестіру жұмыстары», «Апаттық-құтқару жұмыстары», «Бір аппаратпен су басқан бөліктен зардап шеккендерді шығару», «Судағы құтқару жұмыстары». Командалардың жарыстардың барлық кезендегі басты міндеттері – су астында зардап шеккендерді іздеу және алып шығу, су айдынының түбінен батып кеткен көлікті шығару, сондай-ақ, өзінің жеке құралын қолдана отырып, зардап шеккенді судан жағаға алып шығу. Жарыстың әрбір кезеңінің нәтижесі бойынша жеңімпаздар анықталды.
Сондай-ақ, «Қоршаған ортадағы шарттар бойынша іздестіру-құтқару жұмыстары» дистанциясы бойынша жарыстар өтуде және «Күштік жаттығулар кешені» дистанциясында жеңімпаздар анықталды. КЖК қорытындысы бойынша Қостанай облысы ТЖД «ӨС және АҚЖ» ММ ЖҚЖ бірінші орынды иеленді. Батыс Қазақстан облысы ТЖД «ӨС және АҚЖ» ММ ЖҚЖ екінші орынға, Шығыс Қазақстан облысы ТЖД «ӨС және АҚЖ» ММ ЖҚЖ үшінші орынға жайғасты.
«Қазқұтқару-2019» жиын-семинарына құтқару бөлімшелерінің 16 командасы қатысуда. Оның ішінде ІІМ Төтенше жағдайлар комитетінің 14 жедел-құтқару жасағы (Республикалық жедел-құтқару жасағы, Ақмола, Алматы, Ақтөбе, Жамбыл, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Павлодар, Атырау, Қостанай, Шығыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан областарының, және Нұр-Сұлтан және Шымкент қалаларының ТЖД жедел-құтқару жасақтары), Ұлттық ұлан әскери бөлімдерінен 2 команда бар.

ІІМ ТЖ комитетінің баспасөз қызметті

Алғашқы болып пікір жазыңыз

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.


*