Шартты өрт шарпығанда…

Жаңа оқу жылының басталуына орай, №23 жалпы білім беретін орта мектепте кезекті өрт-тактикалық оқу-жаттығуы өтті.
Оқу-жаттығудың мақсаты – өрт сөндірудің жедел жоспарын құру және ғимараттан адамдарды эвакуациялау кестесін пысықтау, өрт сөндіру бөлімшелерінің объект әкімдігімен өзара іс-қимылын жетілдіру.
Өрт дабылы іске қосылып, мектеп қызметкерлері мен педагогтар балаларды сыныптардан ұйымдасқан түрде шығара бастады. Өрт орнына жедел түрде №2 шақыру бойынша күштер мен құралдар жіберілді. Бұл өрт көп адамдардың өміріне қауіп төндіретінін және дабыл бойынша Қостанай қаласының барлық өрт сөндіру бөлімдерінің кезекші қарауылдары көтерілетіндігін білдіреді.
Бірнеше минуттан кейін мектепке өрт сөндірушілер келді. Олар барлау жүргізіп, екі зардап шеккенді тауып, үй-жайдан эвакуациялады, жауынгерлік қанат жаю және өртті сөндіру жұмыстарын жүргізді. Барлығы 750 бала мен мектептің 40 қызметкері қауіпсіз жерге шығарылды. Жаттығу сәтті өтіп, кем дегенде 10 минут ішінде шартты өрт жойылды.
Оқу-жаттығу соңында шараның өту барысы талданып, қойылған мақсаттар мен міндеттерге қол жеткізілді.

Қостанай облысы ТЖД ӨС және АҚЖҚ

Алғашқы болып пікір жазыңыз

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.


*