Жол қауіпсіздігі талқыланды

Кеше Ішкі істер министрі, полиция генерал-лейтенанты Ерлан Тұрғымбаев БҰҰ Бас хатшысының орынбасары-Қазақстандағы жол қозғалысы қауіпсіздігі жөніндегі арнайы өкіл Жан Тодтпен кездесті.
Кездесу барысында Жан Тодт мырза Ішкі істер министрі Ерлан Заманбекұлымен Қазақстанда халықаралық тәжірибе мен үздік әлемдік тәжірибелерді енгізу, сондай-ақ, жол қозғалысы қауіпсіздігі жөніндегі ұлттық стратегияны әлеуетті түрде әзірлеу және оны іске асыру бойынша мүмкін болатын көмектер туралы келелі әңгіме жүргізді.
Жол-көлік оқиғасының салдарынан өлім-жітім мен жарақаттар санын қысқарту және қозғалыс қауіпсіздігін арттыру негізінде көлік жүйелеріне қолжетімділікті қамтамасыз ету, атап айтқанда, халықтың осал топтарына ерекше назар аудара отырып, қоғамдық көлікті көбейту мәселелері талқыланды.

Бауыржан БЕРІКҰЛЫ
Суретті түсірген Жандос КОКУМБАЕВ

Алғашқы болып пікір жазыңыз

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.


*