Қаратаудағы түнгі торуыл

Шымкент қаласы ПД Қаратау ауданы Полиция басқармасының ювеналды полиция инспекторларының ұйымдастыруымен аудан әкімдігі, прокуратура, жастар орталығының өкілдерімен бірлесіп Қаратау аумағындағы аулаларда, саябақтарда, жастар көп жиналатын ойын-сауық орындарында рейдтік іс-шара жүргізілді.
Рейдтің мақсаты – кәмелетке толмағандар арасында құқық бұзушылықтың алдын алу, қоғамдық тәртіпсіздіктерге «нөлдік төзімділік» қағидасын қалыптастыру, құқық бұзушылықтардың жазасыз қалмауына, мәдениетсіздік пен бассыздыққа жол бермеу, қоғам мен өмірге ізгілікті көзқарас қалыптастыру, кәмелет жасына толмағандардың заңды өкілдерінсіз ойын-сауық орындарында жүруін, түнгі уақытта тұрғылықты мекенжайынан тыс жерде жүргенін, қаңғыбастық жайттарын анықтау.
Рейд барысында ювеналды полиция қызметкерлері ӘҚтК-нің 132-бабымен «кәмелетке толмағандардың түнгi уақытта ойын-сауық мекемелерiнде болуына жол беру», ӘҚтК-нің 442-бабы 1-бөлігімен «Кәмелетке толмағандардың түнгі уақытта заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз сағат 22-ден таңғы 6-ға дейін ойын-сауық мекемелерінде болуы», ӘҚтК-нің 442-бабы 2-бөлігімен «кәмелетке толмағандардың заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз тұрғынжайдан тыс жерде сағат 23-тен таңғы 6-ға дейін болуы» бойынша хаттамалар толтырып, жасөспірімдердің ата-аналарын әкімшілік жауапкершілікке тартты. Бейімдеу орталығына 5 жасөспірім жеткізілді.
Сондай-ақ, кафе мен дүкендердің иелеріне кәмелет жасына толмағандарға спирттік ішімдіктер және темекі өнімдерін сатуға болмайтынын ескертіп, профилактикалық жұмыстар жүргізді.

Шымкент қаласының ПД баспасөз қызметі

Алғашқы болып пікір жазыңыз

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.


*