Халықаралық турнир басталды

Кеше Нұр-Сұлтан қаласындағы «Дәулет» спорт кешенінде жекпе-жектен халықаралық турнирдің ашылу салтанаты өтті.
Халықаралық сайыстың ұйымдастырылуына Мәдениет және спорт министрлігінің Спорт және денешынықтыру істері бойынша комитеті, Ішкі істер министрлігі, Бүкілқазақстандық жекпе-жек сайысы федерациясы және «Динамо» ДСҚ-ның мұрындық болды.
Жарыстың ашылу салтанатына қадағалау орындарының басшылары, шет мемлекеттердің, спорт комитеттерінің, жекпе-жек түрлері бойынша республикалық спорттық және қоғамдық ұйымдардың өкілдері мен ардагерлер қатысты. Сонымен бірге, Ішкі істер министрінің орынбасары, полиция полковнигі Алексей Калайчиди, Ұлттық ұланның Бас қолбасшысы, генерал-лейтенант Руслан Жақсылықов және Сидней Олимпиадасының чемпионы, Парламент Мәжілісінің депутаты Ольга Шишигина, бокстан әлем чемпионы Болат Жұмаділов сайысқа қатысушыларға сәттілік тілеп, доданың салтанатты ашылуымен құттықтады. Олар қоғамды саламатты өмір салтын ұстануға үндеп, жастарды патриоттыққа тәрбиелеумен қатар, төрешілердің кәсібилігін арттыру және ең бастысы ұлттық құраманы жасақтау жолында осындай жарыстардың маңызды екенін жеткізді.
Одан кейін Ұлттық ұланның ән-би ансамблі өнер көрсетіп, қатысушылар мен қонақтарға ерекше көңіл күй сыйлады.
Халықаралық турнирге Ресей Федерациясы, Біріккен Араб Әмірліктері, Әзербайжан Республикасы, Қырғызстан Республикасынан келген спортшылармен қатар, еліміздің күш құрылымдарының 13 командасы қатысады. Боз кілемде 150-ден астам жекпе-жек ұрысының шеберлері 9 салмақ дәрежесінде күш сынасатын болады.

Ақжан РҮСТЕМБЕКҚЫЗЫ
Суретті түсірген Нұрбек КЫРҒАБАКОВ

Алғашқы болып пікір жазыңыз

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.


*