Жолдау бағыттары таныстырылды

Алматы-1 стансасындағы Желілік полиция басқармасында Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты Жолдауы талқыланды.
Басқарма бастығының кадр саясаты жөніндегі орынбасары, полиция подполковнигі Дәулетбек Дәрібаев Жолдау мақсаттары жайлы жеке құрамға толыққанды жеткізді.
– Бұл Жолдау Қазақстанның өркендеуі, бейбітшілік келісім жағдайында азаматтардың құқықтары мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету мен қазақстандық модельді алға ілгерілету мәселелеріне бағытталды. Жолдауда Мемлекет басшысы қазақстандықтардың заман талабына сай өркениетті дамуға байланысты жүзеге асырылуы тиіс болған 5 негізгі бағытты айқындап берді. Басты кезекте қоғамдық келісімді нығайту, ел бірлігі және азаматтардың құқықтары мен олардың қауіпсіздігін арттыруға назар аудару керектігін айтып өтті. Сонымен қатар, құқық қорғау жүйесін реформалауда әкімшілік полиция комитетінің жұмысын қайта жаңғыртуға, тегеурінді әскер қалыптастыруда жаңа тұжырымдамаға негізделуін атап кетті.
Сонымен қатар, Жолдауда полицейлер жұмысының тиімділігі полиция қызметінің беделді болуына байланысты екендігін атап өтіп, Отанына адал, кәсіби тұрғыдан дайындалған офицерлер мен әскери қызметшілер бар армиямыздың жаңа геосаяси жағдайларда ел қауіпсіздігіне қауіп төндіретін қатерлерге тойтарыс беруге дайын болуы керектігі аталған», – деді Д. Дәрібаев.

Алматы-1 стансасындағы ЖПБ

Алғашқы болып пікір жазыңыз

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.


*