Тарландар Теміртауда бақ сынайды

7 қыркүйекте Ішкі істер министрлігінің Шырақбек Қабылбаев атындағы Қостанай Академиясының қабырғасында Қазақстан халқы тілдері күніне арналған жауынгерлік самбодан 1999-2000 жылы туған жастар арасында Қостанай облысының чемпионаты өтіп, өңіріміздің елуге жуық таңдаулы балуаны өз өнерлерін көрермендерге паш етті.
Сайыстың негізгі мақсаты – Теміртау қаласында өтетін ел чемпионатына іріктеу және жастардың бойында спортқа деген құлшынысты оятып, саламатты өмір салтына тарту.
Жарысқа Академия түлектері – Нұр-Сұлтан қаласынан келген жауынгерлік самбодан Қазақстан Республикасының спорт шебері Қасиет Ғаббас және жекпе-жектен ХДСШ Аманбек Жаманқараев құрметті қонақ ретінде келді. 10-16 қыркүйекте Үндістан астанасы Дели қаласында өтетін Азия чемпионатында бақ сынайтын Аманбек бауырымызға жарыс ұйымдастырушылары және спортшылар сәтті сапар мен жеңіс тіледі.
Дода қорытындысы бойынша бас төреші Бағдат Өтенов балуандарымыздың армандары мен мақсаттары үлкен екенін және сол жолда аянбай еңбек етіп жүргенін көріп, дән ризашылығын білдірді. Жеңімпаздар алдағы республикалық жарыста облысымыздың абыройын қорғап, өздерінің мықтылығын көрсететініне сенімді екенін айтты.
Жарыс қорытындысы бойынша 52 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде 1-орын Ренат Жылқышбаевқа, 2-орын Шахзат Айтбайға, 3-орын Нұрзат Әбдіқұлға бұйырды.
57 келіде Ғасырбек Бәшір бас жүлдені жеңіп алса, 2-орында – Бекзат Жаңбыршинов, 3-орын Данияр Бұхарбаев пен Бейбарыс Әбудің енісінде.
62 келіде орындар былайша бөлінді: 1-орын – Темірхан Сарымсақов, 2-орын – Нұржан Жұмабеков, 3-орын – Ербатыр Әлжан мен Бекжан Ғалибеков,
68 келіде 1-орынды Манарбек Әділханов жеңіп алды. 2 және 3-орындар сәйкесінше Ерлан Арыстановқа және Иманжан Қалила мен Берік Бекауысқа бұйырды.
74 келі салмақ дәрежесінде Рахат Сейтмаханбетке тең келер қарсылас табылмады. Екінші тұғырға Ердаулет Қуандық жайғасса, үздік үштікті Асат Нұрпейсов пен Ардақ Жаппар түйіндеді.
82 келіде 1-орынды Ансарбек Галимов, 2-орынды Бақдаулет Жарқынбек, 3-орынды Жалғас Жұмағалиев пен Мият Байділдә алды.
90 келіде Жұмахан Сейдрахманұлы жүзден жүйрік атанды.

Ержан КАБИБУЛДИНОВ, Қостанай қаласы

Алғашқы болып пікір жазыңыз

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.


*