Баспанамен қамту – үлкен қолдау

Ақтөбелік тәртіп сақшылары Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауын талқылады. Облыстық Полиция департаментінің бастығы жеке құрамды құнды құжаттағы басым бағыттармен, оның ішінде құқық қорғау саласын реформалауға байланысты айтылған жаңа бастамалармен жете таныстырды.
Жолдауда есірткі бизнесі, жыныстық зорлық-зомбылық және жеке тұлғаға қатысты жасалатын басқа да ауыр қылмыстарға қатысты жазалау шараларын қатаңдату Парламент пен Үкіметке жаңа тапсырмалар жүктейтіні жан-жақты айтылды.
Ақтөбе облысы Полиция департаментінің басшылығы жеке құрамға маңызды құжаттағы басым бағыттарды саралап, атқарылуы тиіс жұмыстарды атап өтті. Қасым-Жомарт Тоқаев халыққа Жолдауында полицейлерге зор міндет жүктеді. Оның ішінде тәртіп сақшыларының баспанамен қамтылуы – әлеуметтік тұрғыдан зор қолдау болғалы тұр. Сонымен қатар, Қ. Тоқаев құқық қорғау жүйесін толық реформалауды тапсырды. Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету мен құқық бұзушылықтың алдын алу жұмыстарында күні-түні дамылсыз еңбек етіп жүрген тәртіп сақшыларына жаңа міндеттер жүктеліп отыр.
Жолдауды түсіндіру жұмыстары одан әрі жалғасын таппақ.

Ақтөбе облысының ПД баспасөз қызметі

Алғашқы болып пікір жазыңыз

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.


*