Қуыршақ театрымен бірлескен жоба

«Назар аударыңыз: балалар!» жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында Қостанай облысы Төтенше жағдайлар департаменті балалар арасында үгіт-насихат жұмыстарын жалғастырып келеді.
10 қыркүйекте Қостанай қаласының бастауыш сынып оқушылары үшін «Пожара Тушилычтың бастан кешкендері» қойылымы көрсетілді. Бұл өткен жылдың қыркүйек айында басталған облыстық қуыршақ театры мен ТЖД-ның бірлескен жобасы. Қойылым кіші және орта мектеп жасындағы жас көрермендерге арналған.
Қойылымның басты кейіпкері – Пожар Тушилыч. Ол балаларға ертегі кейіпкерлері туралы бірнеше әңгімелер айтты. Бұл жолы Мыстан кемпір, Өлмейтін Кощей және Горыныч жылан қарапайым өрт қауіпсіздігі қағидаларын сақтамай, түрлі төтенше жағдайларға тап болады.
Қойылым интерактивті форматта қойылды. Залдағы балалар жай ғана көрермен болған жоқ. Олар қойылымдағы кейіпкерлердің сұрақтарына жауап берді, яғни сахнада орын алған оқиғалардың белсенді қатысушылары болды. Пожар Тушилыч өрт қауіпсіздігі қағидалары туралы, балалар тарапынан жасалған кез келген тентектік төтенше жағдайға әкелуі мүмкін деген сөз айтты. Өрт сөндіру жағдайы жас көрермендердің алдында бірінен соң бірі орын алды.
Театр сахнасында қойылған ертегі кейіпкерлерінің өрт сөндіру тарихы балаларға қызықты және өнегелі болды. Көрсетілімдер оқу жылы аяқталғанға дейін жалғасады.

Азамат ОРЫМБАЕВ, Қостанай облысы

Алғашқы болып пікір жазыңыз

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.


*