Бос жұмыс орындары ұсынылды

Сарыағаш және Төлеби аудандық халықты жұмыспен қамту орталықтарында аудандық әкімдіктер «Еңбек» нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасы шеңберінде жалпы жұмыссыздарға арналған бос жұмыс орындары жәрмеңкесін ұйымдастырды.
Оған Төлеби ауданында орналасқан ИЧ-167/9 мекемесі бос тұрған жұмыс орындарын ұсынып, ниет білдірген азаматтарға түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
Сондай-ақ, жәрмеңкеге Төлеби аудандық пробация қызметі есебінде тіркелген 32 адам қатысып, тұрақты жұмысқа орналасу үшін 10 азаматтың іс-құжаттары жұмыс берушілерге өткізілді.
Ал Сарыағаш ауданында өткен бос жұмыс орындары жәрмеңкесіне пробация қызметі есебіндегі 35 адам қызығушылық танытып, соның ішінде 11 адамның құжаттары өз мамандықтарына сәйкес келетін бос жұмыс орындарына жолданды.

Түркістан облысы бойынша ҚАЖД баспасөз қызметі

Алғашқы болып пікір жазыңыз

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.


*