Погонды полиглоттар

Ақмола облысында «Полиглот-2019» республикалық байқауы өтіп, оған ІІМ ТЖК аумақтық бөлімшелерінің қызметкерлері қатысты.
Батыс Қазақстан облысы ТЖД «ӨС және АҚЖҚ» ММ бас инженері Рустам Жирентаев республикалық байқаудың жеңімпазы атанды. Екінші орынды Солтүстік Қазақстан облысы ТЖД радиотелефонисі Марина Самойленко және үшінші орынды Алматы облысы ТЖД өкілі Қалдыбек Төлеуұлы иеленді.
Іс-шара барысында қатысушылар қазақ, орыс және ағылшын тілдерін жақсы меңгергендігін көрсетіп, әртүрлі төтенше жағдайларда тіл білу қабілеттерін қалай пайдалану керектігін айтып, жазбаша және ауызша емтихан тапсырды.
Республикалық байқау бес кезеңнен тұрды: таныстыру, үш тілде терминдердің мағынасын ашу, қазақ халқының салт-дәстүрлері мен әдет-ғұрыптары, тұрмысы мен мәдениеті туралы сұрақтарға жауап беру, табиғи және техногендік ТЖ туралы жағдайды бағалау және сипаттау, сондай-ақ, кириллицада экранда берілген сөздерді латын графикасымен жазу.
«Біздің мемлекеттегі тілдердің рөлі үлкен маңызға ие, өйткені Қазақстан Республикасы – тарихы, мәдениеті мен дәстүрі бай көпұлтты мемлекет. Елбасының Қазақстан халқына Жолдауында республиканың дамуы үшін білімнің маңыздылығы айтылды. Атап айтқанда, үш тілді үйренуге баса назар аудару қажет. Біздің ведомствода қызметкерлердің үш және одан да көп тілді білетіндігі өте қуантады. Жан-жақты дамыған полиглоттар еңбек нарығында әрқашан сұранысқа ие. Байқауға қатысушылар тіл білімдерінің жоғары деңгейін көрсетіп, оны әртүрлі төтенше жағдайда қалай пайдалануға болатынын паш етті», – деді Ақмола облысы ТЖД бастығы Алексей Советов.
Іс-шара Қазақстан Республикасында тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру аясында, сондай-ақ, Қазақстан халқы тілдері күніне орай өтті.
Байқаудың мақсаты – үш тілді білетін қызметкерлерге қолдау көрсету, ішкі істер органдарында тіл саясатын насихаттау, қызметкерлерді Отанға деген патриоттық рухта тәрбиелеу.

Ақмола облысы ТЖД баспасөз қызметі

Алғашқы болып пікір жазыңыз

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.


*