Батырына құрмет – елдіктің үлгісі

Ақмола облысының Атбасар қаласында қызмет атқару кезінде қаза тапқан полицейлерге ескерткіш ашылды.
Мәрмәр тасқа қылмыскерлердің қолынан қаза тапқан Атбасар ауданының 6 полиция қызметкерінің аты қашалған. Қызметтік борышын адал орындаған олар әріптестері, туған-туысқандарының есінде мәңгі сақталады, ал полицияның жас буыны үшін ерлік пен батылдықтың үлгісі болмақ.
Атбасар қаласында қаза тапқан әріптестеріне арнап ескерткіш қоюға жергілікті ішкі істер органдары ардагерлері бастамашы болғанын атап өткен жөн. Ақсақалдардың ісін депаратмент бастығы, полиция генерал-майоры Берік Біләлов және аудандық Полиция бөлімінің жеке құрамы қолдады. Бар-жоғы бірнеше ай өткен соң атбасарлықтар, олардың ішінде батыр полицейлердің жақындары, жостары және әріптестері аудан үшін маңызды оқиғаның куәгері болып отыр.
Салтанатты шеруге Ақмола облыстық сотының төрағасы Досжан Әміров, Атбасар ауданының әкімі Аманбек Қалжанов, Полиция департаментінің Консультативтік-кеңесші органы мүшелері, ішкі істер органының ардагерлері, қоғам қайраткерлері, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері, қаза тапқандардың туған-туыстары қатысты.
Туғандарының атынан ескерткішті қоюдың бастамашыларына және ақмолалық полицияның жеке құрамына қаза тапқан полицейлердің жұбайлары Қадиша Сембаева және Елена Мұхамеджанова алғыс айтты.
Монументті ашу құрметі Полиция департаменті бастығының кеңесшісі, генерал-майор Борис Цхай мен Ардагерлер кеңесінің төрағасы Дәуітбек Нұрғалиевке беріледі.
Ведомствоның мәдени орталығының үрмелі оркестрі орындаған марш әуенімен ескерткіш ашылды. Онда 6 батыр полицей: милиция сержанты Эмиль Урлахер, милиция старшинасы Анатолий Белинский, милиция лейтенанты Қалқаман Сембаев, милиция майоры Сергей Ковальчук, милиция кіші сержанты Сергей Аникеев және полиция лейтенанты Серік Мұхамеджановтың суреті бейнеленген.
Шара қатысушылары монументке жақындап, оның етегіне гүл шоқтарын қойды. Қаза тапқан полицейлердің құрметіне құрметті қарауыл үш рет қарумен оқ атып, жиналғандар батырларды бір минут үнсіздікпен еске алды.
Сол күні Атбасар қаласында «Азаматтарға арналған қабылдау» қабылдау кеңсесінің ашылуы өтті. Бұл кеңсе аудандық Полиция бөлімінің әкімшілік ғимаратының аумағында орналасқан, барлық талаптарға сай, азаматтарды қабылдау және оларға қажетті көмек көрсету үшін барынша қолайлы жағдайлар жасалған. Кез келген өтініш немесе арыз 5-7 минут ішінде қаралады, тұрғындардың ашық кабинетінде полицияның қызметкерлері кеңес береді.
Жаңа қабылдау кеңсесін департамент бастығы, полиция генерал-майоры Берік Біләлов таныстырып, Ішкі істер министрі, полиция генерал-лейтенанты Ерлан Тұрғымбаевтың тапсырмасы бойынша ведомствоның барлық аумақтық бөлімшелерінде қазіргі заманғы қабылдау кеңселері ашылғанын атап өтті.

Ақмола облысының ПД баспасөз қызметі

Алғашқы болып пікір жазыңыз

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.


*