100 жасақ тәртіпті қадағалайды

Күн сайын Ақмола облысы орталығының көшелерінде құрамында жаяу, автопатрульдер, Ұлттық ұлын жауынгерлері бар патрульдік полицияның 100 жасағы шығып, тәртіпті қадағалайды.
Жуырда Көкшетау гарнизонының полиция кешенді күштерінің жеке құрамының облыс орталығында қызмет өткеруге дайындығын департамент бастығы өзі тексерді. Қоғамдық тәртіпті және қылмыстардың алдын алуға тартылған полицияның кешенді күштерін тарату облыс орталығының орталық алаңында өтті.
Гарнизондық тарату апта сайын әрбір құрылымда ведомство басшысының орынбасарларының басшылығымен өтеді. Бұл бірінші кезекте жеке құрамның қызмет өткеруге дайындығын тексеруге арналған. Полиция қызметкерлері нысанды киім-кешектің, көлік құралдарының сыртқы түрінің мінсіз болуын және техникалық жай-күйін қадағалауы тиіс. Облыс орталығының орталық алаңындағы кешенді жалпыгарнизондық тарату ай сайын департамент бастығы, полиция генерал-майоры Берік Біләловтың жеке бақылауымен жүргізіледі.
Кіріспе сөзінде департамент бастығы Берік Біләлов жеке құрамды қызметтік міндеттерін адал атқаруға, қоғамдық тәртіпті бұзудың барлық фактілеріне жедел әрекет етуге шақырды. Жеке құрамға 2019 жылғы 1 қыркүйектен бастап жол қозғалысын реттеу үшін ала таяқты қолдануды жаңғырту туралы Ішкі істер министрлігінің бұйрығын жеткізді.
Ведомство басшысы жеке құрамның саптық түзелуін, қызметкерлердің нысанды киім-кешектерін, қызметтік куәліктердің болуын, сондай-ақ, қызметтік автокөліктің тиісті түрде ұсталуын тексерді. Департамент бастығы жасақтардың алдына қоғамдық жағдайды тұрақтандыру және қызметтік жұмыстың әртүрлі бағыттары бойынша міндеттер қойды.
Жаңадан қызметке келген полиция қызметкерлеріне салтанатты түрде қызметтік куәліктерді тапсыру рәсімінен кейін әрбір лек алаңмен салтанатты маршпен жүріп өтті.
Кешенді күштердің күштері мен құралдарын орналастыру криминогендік жағдайды талдауға сәйкес жүргізіледі. Бұл ретте, неғұрлым криминогендік аудандар ескеріледі.
Бұдан басқа, көше қылмысының алдын алу, деңгейін төмендету, сондай-ақ, қылмыстарды ізін суытпай ашу мақсатында тұрғын үйлер аулаларында және азаматтардың көпшілік демалатын орындарында жаяу патрульдік жасақтардың саны ұлғайтылды, қоғамдық тәртіпті күзетуді тәулік бойы жүзеге асыратын полицияның стационарлық бекеттері орнатылды.

Ақмола облысының ПД баспасөз қызметі

Алғашқы болып пікір жазыңыз

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.


*