Жолдау мазмұнын жоғары бағалады

Көліктегі Полиция департаментінде Президент Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты Қазақстан халқына Жолдауының негізгі ережелері талқыланды.
Оған департаменттің басшылығы мен жеке құрамы және ішкі істер органдарының ардагерлері қатысты. Талқылау аясында департамент бастығы, полиция полковнигі Аманжол Қабылов ел Президентінің сайлауалды бағдарламасын іске асыруға қатысты ой-пікірін және ортақ міндеттерді таныстырды. Сондай-ақ, Жолдаудағы «Азаматтардың құқықтары мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету» міндеттеріне ерекше көңіл бөлді.
«Ең алдымен, 2020 жылдың аяғына дейін Әкімшілік полиция комитетінің жұмысын қайта ұйымдастыру қажет. Мұны науқаншылдыққа айналдырмай, сапалы жүргізген жөн. Полицейлер жұмысының тиімділігі полиция қызметінің беделді болуына байланысты», – деп атап өтті Президенттің сөзін еліміздің бас көлік полицейі.
Өз кезегінде көлік полициясының қызметкерлері Жолдаудың мазмұнын жоғары бағалады. Стратегиялық құжаттың әлеуметтік және саяси бағыттары ерекше қызығушылық тудырды.
Іс-шара барысында кадр саясатын жетілдіру, қызметтік-жауынгерлік дайындық деңгейі, сондай-ақ, жеке құрам арасында тәртіп пен заңдылықты нығайту және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері де талқыланды.

Көліктегі ПД баспасөз қызметі

Алғашқы болып пікір жазыңыз

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.


*