Халық сеніміне негізделген полиция

Қоғам белсенділері Президенттің Қазақстан халқына Жолдауының негізгі ережелерін Қостанай облысы Полиция департаментінің жеке құрамымен кездесуде талқылады.
Оған Қостанай облысы Қоғамдық кеңесінің мүшесі, Парламент Сенатының бірінші шақырылымының депутаты, Парламент Мәжілісінің екінші шақырылымының депутаты, профессор Сергей Жалыбин және А. Байтұрсынов атындағы ҚМУ проректорының міндетін атқарушы, заң ғылымдарының кандидаты, көптеген заң еңбектерінің авторы Әлімжан Бекмағамбетов қатысты.
– Жолдау шешімді талап ететін көптеген мәселелерді қамтиды. Бұл ретте Елбасы саясатымен сабақтастықты ерекше атап өткен жөн. Бұдан бұрын жарияланған Бес институционалдық реформалар мен Ұлт жоспарын және «Нұрлы жол» бағдарламасымен тығыз байланысты, – деп атап өтті Сергей Жалыбин. –Сонымен қатар, бірінші Жолдауда мемлекеттік қызмет саласында бұрын кездеспеген жаңа тәсілдердің куәсі болатын бірқатар өзгерістер бар. Біріншіден, Президент алдағы реформалар еліміздің қоғамдық-саяси өмірін жаңғыртусыз мүмкін емес екенін атап өтті. Екіншіден, халық биліктің жұмысын дербес бағалайтын болады. Мұны сауалнама әдісімен жасау ұсынылды. Егер халықтың 30%-ы әкімнің жұмысы туралы жағымсыз сөз айтса, онда бұл арнайы комиссия құру үшін себеп болмақ. Үшіншіден, мемлекеттік органдардың қызметіне қоғамдық кеңестер мен ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің рөлі күшейтіледі, – деп сөзін жалғастырды С. Жалыбин.
Жолдауда жеке тұлғаның құқықтарын қорғауды күшейту, сондай-ақ, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл шараларын күшейту қажеттілігі айтылды. Бұл жұмыстың айтарлықтай бөлігі құқық қорғау органдарына жүктеледі.
– Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес Нормативтік-құқықтық базадағы институционалдық өзгерістерсіз мүмкін емес. Сондықтан Жолдауда бұрын қолданылып жүрген, бірақ одан кейін жойылған нормативтік-құқықтық актілердің сыбайлас жемқорлыққа қарсы сараптамасын қалпына келтіру және оған теріс әсер ету тетіктерін белсенді пайдалану қажеттігі атап көрсетілген, – деді Сергей Михайлович.
Полиция жұмысын бағалаудың негізгі өлшемі – халықтың сенімі болуы тиіс. Президенттің айтуынша, полиция азаматтарға олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша қызмет көрсететін орган болмақ.
Жалпы алғанда, Мемлекет басшысы біздің орнымызды одан әрі дамыту жөніндегі негізгі бағыттарды шоғырландырды және қойылған міндеттерді шешуге бағыттайды.
А. Байтұрсынов атындағы ҚМУ проректорының міндетін атқарушы, заң ғылымдарының кандидаты Әлімжан Бекмағамбетов қоғамдық сананы жаңғырту генетика, сандық технологиялар саласындағы көптеген ғылыми жаңалықтар бастау алғанын атап өтті.
– Бүгінгі таңда заң шығару осы үдерістерге үлгеруі маңызды. Біз генетика саласындағы жасанды өндемелер, серпінді технологиялар туралы әңгіме жүргізудеміз. Бұл бағыттарды заңнамалық реттеу қажет, – деді А. Бекмағамбетов.
Әлімжан Бекмағамбетов «Тыңдаушы мемлекет» тұжырымдамасын іске асыру маңыздылығын атап өтті.
– Көп жағдайда ең өткір мәселелерді шешуге көмектесетін қоғамдық институттар құрылған, онсыз мемлекеттің одан әрі дамуы мүмкін емес. Мысалы, полицияда құрылған консультативтік-кеңесші органдар өз тиімділігін алғаш рет дәлелдеп отыр. Олардың көмегімен қоғам диалог жүргізіп, биліктің назарын мәселелерге аударады, – деп атап өтті Ә. Бекмағамбетов.
Кездесу соңында полиция қызметкерлері белгілі заңгерлерге еліміздің заңнамалық өрісін одан әрі дамыту келешегіне қатысты сұрақтар қойды. Ішкі істер департаментінде жергілікті жерлердегі құқық қорғау органдары реформасының барысын түсіндіретін арнайы топ құрылғанын атап өту қажет. Жақын арада қоғамдағы полиция бейнесі мүлдем басқаша болады.

Қостанай облысының ПД баспасөз қызметі

Алғашқы болып пікір жазыңыз

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.


*