Темір ұрлап, торға түсті

Қызмет бабында қолданылатын иісшіл ит қылмысты ізін суытпай ашуға көмектесті.
Ақмола облысы ПД Бұланды ауданының полиция қызметкерлері «Виза» атты іздестіру итінің көмегімен қылмыс ашып, гараждағы құралдар мен автобөлшектерді ұрлаған күдіктіні анықтады.
Жуырда аудандық ПБ кезекші бөліміне Макинск қаласының 62 жастағы тұрғынынан белгісіз біреулердің ілмелі құлыпты бұзып кіру жолымен ұрлық жасағаны туралы өтініш түсті. Жәбірленуші әйел залал сомасын 235 000 теңгеге есептеген. Ақпарат түсе салысымен жедел тергеу тобы «Виза» атты итпен бірге оқиға орнына жеткен.
Арнайы үйретілген «Виза» санаулы минуттардың ішінде ұрының исі бойынша полицейлерді металл қабылдайтын пункке алып келген. Ұрылардың аталған жерге келгені бейнекамераларға да жазылып қалған.
Ұрлық фактісі бойынша 28 және 31 жастағы Макинск қаласының тұрғындары ұсталды. Күдіктілердің біреуінің ҚК 181-бабы бойынша бұрын сотталғаны анықталды.
Күдіктілерге «міндетті келу» бұлтартпау шарасы қолданылып, заттай айғақтар тәркіленді. Осы фактіге қатысты ҚК 188-б. 2-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.

Ақмола облысының ПД баспасөз қызметі

Алғашқы болып пікір жазыңыз

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.


*