Күзет құрылымдарының көмегі зор

Солтүстік Қазақстан облысында жеке күзет құрылымдарының көмегімен 39 қылмыс ашылды.
Қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуде жеке күзет құрылымдарының алар орны зор. Солтүстік Қазақстан облысында мұндай 109 құрылым тіркелген. Олар 6 мыңнан астам объектіні қылмыстық қол сұғушылықтардан қорғайды. Оның ішінде 530 объектіні күзет құрылымдарының қызметкерлері күзетсе, 5450 объект, сондай-ақ, 1830 пәтер мен үйлер орталықтандырылған күзет пультіне қосылған. Күзет қызметкерлері мен полицияның арасындағы өзара іс-қимылды үйлестірумен облыстық Полиция департаментінің Күзет қызметін бақылау бөлімі айналысады.
«Біздің бөлімнің қызметкерлері күзет агенттіктерінің заңнама талаптарын сақтауын жиі қадағалайды, – дейді Күзет қызметін бақылау бөлімі бастығының міндетін атқарушы, полиция подполковнигі Руслан Данияров. – Жыл басынан 5 кешенді тексеру өткізілді. Тоқсан сайын күзет құрылымдары басшыларымен жұмыс кездесулері ұйымдастырылады. Олардың жұмысына талдау жүргізіліп, олқылықтардың орны толықтырылады. Сонымен бірге, 8 ай ішінде түрлі меншік нысандарына, әсіресе, террористік тұрғыда осал объектілерге шабуыл жасалған жағдайдағы күзетшілердің әрекеттерін пысықтау бойынша 30 оқу-жаттығу сабағы өтті. Жеке күзет агенттіктері мен өзіндік қауіпсіздік қызметтері қорғауында облыс орталығында террористік тұрғыда осал 21 объект бар».
Тәжірибе жеке күзет күшінің тиімділігі жоғары екенін көрсетті. Агенттіктер өздерінің патрульдеу сызбасын күзетілетін объектілерге мобильдік топтар барынша жақын орналасуы үшін құрайды. Сәйкесінше, дабыл белгісі қосылған объектіге келу уақыты да қысқарып, күзетшілер санаулы минутта жетеді.
Жыл басынан жеке күзет құрылымдарының қызметкерлері күзететін объектілерде 35 ұрлық пен құқық бұзушылықтың жолы кесілді. Бұдан басқа, фирмалар күн сайын полицияның кешінді күштерінің құрамында қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін 7 мобильдік экипаж пен жаяу жасақ бөледі. Осы жылдың басынан күзетшілер 640 құқық бұзушылықты анықтап, 39 қылмыстың ашылуына қатысты.
Үкіметтік емес күзет құрылымдарының әлеуетін қылмыспен күреске және құқықтық тәртіпті қамтамасыз етуге жұмылдыру жұмыстары облыстық Полиция департаменті басшылығының тұрақты бақылауында.

Солтүстік Қазақстан облысының ПД баспасөз қызметі

Алғашқы болып пікір жазыңыз

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.


*