Жаужүрек жігіттер

Ержүрек жігіттердің көмегімен қызға шабуыл жасаған ер адам 10 минут ішінде ұсталынды. Оқиға 30 тамыз күні кешкісін Екібастұз қаласының Шешембеков көшесі, 15 үйдің ауласында орын алған.
Екібастұз қаласы Полиция басқармасы бастығының міндетін атқарушы Елнұр Бұқаев ержүрек жігіттерге алғыс хаттар мен бағалы сыйлықтарды табыс етті.
«Әрдайым көмекке келуге дайын адамдар көп болғаны жақсы. Бұл жағдайда жігіттер өздерінің жасына қарамастан құқық қорғау органдарына көмек көрсетті», – деді полиция подполковнигі Елнұр Жұмабайұлы қол сағаттары мен алғыс хаттарын тапсырып.
«Менің ойымша, әркім осылай жасаушы еді, мұны үлкен іс деп санамаймын. Тек өзімнің адами борышымды орындадым», – деді Иван. Қыздың өзі түсіндіргендей, кешкісін ол бокс үйірмесінен үйге оралған. Шешембеков көшесіндегі 15 үйдің жанында өтіп бара жатқанда қарама-қарсы бағытта оған бұрын таныс емес ер адам телефон арқылы сөйлесіп келе жатып, біреумен қыздың сырт келбетін телефон арқылы талқылай отырып, онымен әңгіме жүргізе бастаған. Содан кейін олардың арасында ауысша жанжал туындап, сонымен ол оған дене жарақатын тигізген. Қыз айқайлап, көмекке шақырған кезде, жігіттер оны ұстап алған.
«Қыз қатты қорқып, жылап, көмек сұрады, – деді қаскүнемді ұстауға қатысқан жігіттердің бірі. – Біз оны ұстап тұруға тырыстық, ол қайтадан қашуға тырысты. 10 минуттан кейін біз оны тез көмекке келген полиция қызметкерлеріне бердік».
Осы факт бойынша ҚК 293-бабы («Бұзақылық») бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.

Павлодар облысының ПД баспасөз қызметі

Алғашқы болып пікір жазыңыз

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.


*