Алдымызға маңызды міндеттер қойды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты Жолдауы – әр адамның өміріндегі және мемлекеттік органдардың жұмысындағы маңызды басымдықтарды белгіледі.
Президент ішкі істер органдарының алдына маңызды міндеттер қойды. Енді полиция жұмысында азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін сапалы қызмет көрсету басымдыққа ие болады.
Бұл үшін ведомствода азаматтардың барлық өтініштеріне дер кезінде жауап беру бойынша жүйелі жұмыс жалғаспақ.
Жыл басында полицияның фронт-кеңселерінде азаматтарды қабылдау жүргізілді және бөлімшелердің бірінші басшылары оларды жеке жүргізді. Нәтижесінде бір мезгілде мыңнан астам азаматтың өтініші қаралып, тиісті шаралар қолданылды.
Полиция мен халықтың белсенді диалогы бүгінде әлеуметтік желілердің көмегімен де жүзеге асып жатыр. Көптеген құқық бұзушылықтар туралы хабарламаларды біз ведомстволық аккаунттар, жеке блог және БАҚ арқылы аламыз. Бұл біздің жұмысымыздың ашықтығын қамтамасыз етеді.
Жолдауда қоғамдық диалог жұмыста жаңа форматқа айналуы тиіс делінген.
Екінші жартыжылдықта 222 учаскелік полиция инспекторы ұялы-қалалық нөмірлермен қамтамасыз етілді. Бұл халықпен кері байланыстың пәрменді тетігі деп білеміз. Өйткені, осы нөмірлерге 10 мыңнан астам қоңырау келіп түскен.
Құқық қорғау органдарын реформалау шеңберінде бөлімшелердің штат санын оңтайландыру жалғасуда. Бүгінде Қостанай облысының полициясында жеке құрам санынан лауазымдардың 10% қысқартылды.
Мемлекет басшысының полицейлерді әлеуметтік қамтамасыз етуді назардан тыс қалдырмауы біз үшін маңызды. «ІІМ реформасына келесі үш жыл ішінде 173 млрд теңге бағытталатын болады. Бұл қаражат жалақыны көтеруге, тұрғын үйді жалға алуға, полицияның қазіргі заманғы фронт-кеңселерін құруға жұмсалады», – деп атап өтілген Жолдауда.
Осы шаралардың барлығы полиция бейнесін мақсатты түрде азаматтарға сервистік жұмыс форматында олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін қызмет көрсету жөніндегі орган ретінде қалыптастырады.

Бекет АЙМАҒАМБЕТОВ,
Қостанай облысы ПД бастығы

Алғашқы болып пікір жазыңыз

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.


*