Көлік ұрлап, қолға түсті

Облыс полицейлері тұрғынның ауласында тұрған автокөлікті ұрлап кетпекші болған күдіктілерді ұстады.
Сарыағаш ауданы ПБ-не жергілікті тұрғын арызданып, түнгі мезгілде үйінің алдында тұрған автокөлігін белгісіз біреулер заңсыз түрде айдап әкеткенін көрсетеді. Аталған жайт сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне енгізіліп, ҚК-тің 200-бабы «Автомобильді және өзге де көлік құралын жымқыру мақсатынсыз құқыққа сыйымсыз иеленіп алу» бойынша қылмыстық іс тіркелген.
Оқиға орнына тез арада жеткен тәртіп сақшылары қажетті деп тапқан барлық іс-шараларды жүзеге асырды. Жақын аймақтарды тексеріп, көрген-білгендерден сұрастырып, бейнебақылау камераларын қарап шықты. Сарыағаш ауданы ПБ-нің тәжірибелі полицейлері жүргізген жедел-іздестіру шараларының нәтижесінде, бейнебақылау камераларының бірінен күдіктілердің машинаны айдап, Келес ауданына қарай бағыт алғанын анықтайды. Осылайша полиция қызметкерлері үлкен жолдардың бірінде қалдырып кеткен автокөлікті тауып, куәгерлердің жауабы арқылы Сарыағаш ауданының екі жас азаматын күдікті ретінде ұстайды. Ал күдіктілердің бас шарасы қолхатта. Автокөлік заңды иесіне қайтарылған. Қазіргі таңда сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.
Өз кезегінде жәбірленуші тұрғын тәртіп сақшыларының қырағылығына, қызметіне адал нағыз берілген жандар екендігіне ризашылығын білдіріп, жұмыстарына сәттілік тіледі.
Түркістан облысының полицейлері тұрғындарға өз мал-мүлкінің қауіпсіздігіне сақ болуды ескертеді. Мүмкіндігінше, ұрылардың жолына тосқауыл қою үшін үйдің ауласына бейнебақылау, дабылқаққыш орнатуға кеңес береді.
Ал бағалы мүлкі ұрланып немесе осындай жайттың куәгері болса, тез арада «102» телефонына хабарласу керек.

Түркістан облысының ПД баспасөз қызметі

Алғашқы болып пікір жазыңыз

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.


*