Ата Заңға – айрықша құрмет

Еліміздің Ата Заңы – егемендігіміздің айқын айшығы. Тәуелсіз Қазақстанның әрбір азаматының бойындағы Ұлы құндылықтарымызды ұлықтайтын Конституцияға деген құрмет ерекше.
Жуырда Алматы қаласы Мамандандырылған күзет қызметі басқармасының 1-ші полиция батальонының жеке құрамы Конституция күніне орай взводтар арасында шағын футболдан жарыс ұйымдастырды. Саламатты өмір салтын насихаттауға бағытталған спорттық шараға 7 команда қатысты.
Жарыс барысында бірінші орынды 5-полиция взводы, екінші орынды 1-полиция взводы және үшінші орынды батальонның басшы құрамынан құралған команда жеңіп алды.
Дәл осындай жарыс өткізген 3-батальонның жеке құрамы да ойын барысында белсенділік танытқан ойыншыларды марапаттап, құрмет көрсетті. Жарыс қорытындысы бойынша үздік шабуылшылар ретінде полиция сержанты Е. Әмірқұлұлы, полиция кіші сержанты А. Нұрғажинов, үздік қақпашылар ретінде полиция сержанттары М. Маханов пен Н. Төкен, үздік ойыншылар ретінде тағылымдамашы А. Баттал мен полиция аға сержанттары А. Жетімбай, Е. Битембаев, үздік қорғаушы ретінде Б. Абутаев марапатталса, полиция аға сержанты А. Әуезхан «Үздік жанкүйер» атанды.

Гүлнәр МАҒЗҰМОВА

Алғашқы болып пікір жазыңыз

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.


*