Мергеннің оғы мүлт кетпес

Конституция күніне орай және қызметтік міндеттерін атқару кезінде қаза тапқан қызметкерлерді еске алу мақсатында Ақтөбе облысының құқық қорғау құрылымдары арасында жауынгерлік қару атудан чемпионат өтіп, онда облыстық патрульдік полиция ротасының қызметкерлері жеңіске жетті.
Ұлттық ұланның 6655 әскери бөлімінің оқу полигоны аумағында өткен турнирге қалалық және аудандық полиция бөлімшелерінен 18 команда қатысты.
Жарыс құқық қорғау органдары қызметкерлерінің кәсіби және атыс дайындығына талдау жүргізуге ғана емес, сондай-ақ, республикалық жарыстарда облыстың намысын қорғайтын үздік атқыштарды анықтауға мүмкіндік берді.
Полиция қызметкерлері атыс дайындығы бойынша сабақ барысында өздерінің оқ ату дағдыларын үнемі жетілдіріп отырады.
«Жарыста ұйымдастырушылар қалалық және аудандық полиция бөлімшелерінің қызметкерлерінен ату дағдыларын тексеруді шешті. Ерлер АК автоматы мен ПМ пистолетінен атудан жарысты, әйелдер Макаров пистолетімен жаттығуда өздерінің шеберліктерін көрсетті. Яғни, жаттығулар Макаров тапаншасымен және Калашников автоматымен атуда жүзеге асырылды», – деді Ақтөбе облысы Полиция департаментінің Арнайы және жұмылдыру дайындығы басқармасының бастығы, полиция майоры Рустам Апсетаров.
Облыстық арнайы полиция бөлімшелерінің ардагерлері жарыс барысына төрелік етті.
Жарыс басталар алдында спортшылардың қатысуымен нұсқаулық өткізілді.
Бірінші орынды Жергілікті полиция қызметі басқармасының патрульдік полиция ротасы қызметкерлері, екінші орында Хромтау ауданы ПБ алса, үшінші орын Ақтөбе қаласы ПБ-ның патрульдік полиция батальоны қызметкерлеріне бұйырды.
Чемпионаттың жеңімпаздары грамоталармен, медальдармен, кубоктармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.

Ақтөбе облысының ПД баспасөз қызметі

Алғашқы болып пікір жазыңыз

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.


*