Қызылжардағы қызықты жарыс

Петропавлда «Солтүстік Қазақстан облысы ТЖД ӨС және АҚЖҚ» ММ өрт сөндіру бөлімдерінің арасында өрт-құтқару спорты бойынша жарыс өтті.
Салтанатты ашылу рәсімінде жарысқа қатысушылардың алдында «Солтүстік Қазақстан облысы ТЖД ӨС және АҚЖҚ» ММ бастығының орынбасары, азаматтық қорғау полковнигі Николай Белоусов алғыс сөзін білдірді. Ол барлық жиналған қауымды мерекемен құттықтап, жарысқа қатысушыларға спортта үлкен жетістіктер мен жеңіске жетулеріне тілек білдірді.
Жарысқа Солтүстік Қазақстан облысының өртке қарсы қызмет гарнизонының аудандық және қалалық бөлімшелерінен 19 команда қатысты. Жарыс бағдарламасында 100 метрлік кедергілері бар жолақтан өту, жауынгерлік қанат жою және оқу-жаттығу мұнарасының 4-қабатына шабуылдау сатысымен көтерілу болды.
«Қарасай» стадионында өткен 100 метрлік кедергілері бар жолақты бағындыру бойынша ең үздік нәтижені №1 Мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің өрт сөндірушісі Самат Қайырденов көрсетті. Екінші орынды №4 Өрт сөндіру бөлімінің өкілі Арман Қасымов, үшінші орынды Петропавл қаласы 3-МӨСБ өрт сөндіруші-құтқарушысы Қайрат Жұмабаев иеленді.
Жарыстың барлық қатысушыларына салтанатты түрде грамоталар және бағалы сыйлықтар табыс етілді.

Солтүстік Қазақстан облысы ТЖД ӨС және АҚЖҚ

Алғашқы болып пікір жазыңыз

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.


*