Жүргізушілерге адаптерлер сыйлады

Ақмола облысының полицейлері «Назар аударыңыз: балалар!» ЖАІШ аясында Көкшетау қаласының жүргізушілеріне адаптерлар сыйлауда.
Ақмола облысының аумағында балалардың жол-көлік оқиғаларына ұшырауының алдын алу мақсатында тәртіп сақшылары 2 кезеңнен тұратын «Назар аударыңыз: балалар!» жедел алдын алу іс-шараларын өткізуде. 1-кезең тамыздың 21-нен 31-не дейін өткізілсе, 2-кезең қыркүйектің 1-нен бастау алды.
Көкшетау қаласында жыл басынан балалар зардап шеккен 21 жол-көлік оқиғасы тіркелген, 17 кәмелетке толмаған бүлдіршін әртүрлі дәрежедегі жарақат алған, ал қайтыс болғандар жоқ.
Іс-шара кезеңінде білім беру мекемелеріне жақын жолдарда және балалар көп жүретін орындарда жол жүру ережелерінің бұзушылықтарын анықтауға көп көңіл бөлінді. Сондай-ақ, балаларды тасымалдау және балаларды жаппай тасымалдау ережелерінің бұзушылықтары анықталды.
Алдын алу іс-шаралары барысында білім беру мекемелерінің жанында Ақмола облысының полицейлері Көкшетау қаласының жүргізушілеріне адаптерлар сыйлау акциясын өткізді. Сонымен қатар, тәртіп сақшылары қаланың барлық оқушыларына жол жүру ережелерін сақтау бойынша дәрістер ұйымдастырып, облыс орталығының көшелерінде ЖЖЕ сақтау мазмұнындағы буклеттер таратты.

Ақмола облысының ПД баспасөз қызметі

Алғашқы болып пікір жазыңыз

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.


*