Алғашқы сабақ – жол қауіпсіздігі

1 қыркүйекте облыстың барлық мектептерінде қауіпсіздік сабақтары өтті. Өңірдің тәртіп сақшылары көңілді ойын және сынып сағаттары түрінде балалар мен ересектерге жол жүру ережелерін сақтаудың маңыздылығы туралы айтып берді.
Іс-шара «Назар аударыңыз – балалар!» акциясы аясында ел аумағында 1 қыркүйектен бастап, 30 қыркүйекке дейін жалғасады. Осы кезеңде барлық оқушылар үшін әртүрлі іс-шара өткізіледі.
– Бүгін Қостанай қаласының төменгі сынып оқушылары үшін біз «Жаяу жүргінші» акциясын өткіздік. Полиция қызметкерлерімен бірге балалар көшеден дұрыс өтуді үйренді. Бұл оқушыларға қауіпсіздік дағдысын қалыптастырып, жүргізушілерге ережені еске салады.
Жыл басынан бері облыс жолдарында 44 жол-көлік оқиғасында балалар зардап шекті. Нәтижесінде 2 бала көз жұмып, 46-сы жарақат алды, – деді Жергілікті полиция қызметінің аға инспекторы Айгүл Бекмағамбетова.
– Менің балам бүгін бірінші сыныпқа барды. Мен үшін мектеппен танысу қауіпсіздік сияқты маңызды ұғымнан басталғаны қуантады. Біз отбасымызда, әрине, көшеде дұрыс жүру, жолды қалай дұрыс өту керектігін айтамыз, бірақ ол туралы полиция қызметкері айтқан кезде жақсы есте қалады, – дейді Айнұр Өмірзақова.
«Назар аударыңыз: балалар!» акциясына жол қозғалысының жас инспекторлары да белсенді қатысады. Ата-аналарға жолда жүру қауіпсіздігі бойынша кеңестер берілген жаднамалар таратылды. 1 қыркүйекте акция аясында өткен барлық іс-шаралар Қостанай облысы Полиция департаментінің ведомстволық ресурстарынан тікелей эфирде көрсетілді.

Қостанай облысының ПД баспасөз қызметі

Алғашқы болып пікір жазыңыз

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.


*