Мұрағат – құнды жәдігерлер мекені

Солтүстік Қазақстан облысында мектеп оқушылары полиция мұрағатында ғылыми жұмыстар жүргізуде.
Қуғын-сүргінге ұшыраған солтүстікқазақстандықтардың істері сақталған облыстық ПД Ақпараттық-аналитикалық орталығының арнайы мемлекеттік мұрағаты балалардың ғылыми жұмысына арналған алаңға айналды. Погондағы архивариустардың қызметін Сафуан Шәймерденов атындағы қалалық классикалық гимназияның оқушылары пайдаланды.
10-сынып оқушылары Гүлжанат Амантай мен Айнель Омарова оқушылар арасындағы ғылыми жобалар байқауына қатысады. Олар өз жұмыстарының тақырыбына қуғын-сүргінге ұшыраған әйелдердің тағдырын таңдап алған. Сара Мұқанова – тарих пәнінің мұғалімі мен мектеп оқушыларының ғылыми жетекшісі бұл тақырыпты таңдауы кездейсоқ емес дейді. Өйткені, тақырып біздің облыста аз зерттелген. Бұдан басқа, биыл КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының «30-40-шы және 50-ші жылдар кезеңінде орын алған қуғын-сүргін құрбандарына қатысты әділеттілікті қалпына келтіру бойынша қосымша шаралар туралы» 1989 жылдың 16 қаңтарындағы Жарлығы шыққанына 30 жыл толады.
Оқушылар қатаң белгіленген жоспар бойынша жұмыс істейді: материалдарды жинау және саралау, жастары, әлеуметтік және отбасылық жағдайын, жапа шеккендердің білім деңгейлерін көрсететін диаграммалар құру. Дегенмен, ғылыми-зерттеу жұмысының дағдысын шыңдау – іс жүзінде оқушылардың мұрағаттық істермен танысуына мүмкіндік берді. Танысқан оқушылар ерекше әсерде болды.
«Бізді талқан болған талай адамдардың тағдыры қиналтты, – дейді Гүлжанат пен Айнель. – Кеңес үкіметіне қарсы шықты деп айыптау үшін олардың сотталған күйеулерінің жазықсыздығы жайлы айтуы жеткілікті болды».
Цифрлық ақпаратты тасымалдағышпен жұмыс істеуге үйренген ұрпаққа қағаз қалың папкалар бір түрлі ерекше көрінеді. Жас зерттеушілер басқа дәуірдің тынысын танып-білуі үшін Солтүстік Қазақстан облысы ПД музейіне шақырылды, бұдан басқа оларға арнайы мұрағаттың қызметкерлері Ақмола лагері туралы «А.Л.Ж.И.Р» деректі фильмін көрсетті.
«Ынтымақтастық жасау үшін мұрағатымыздың есігі ашық, – дейді Солтүстік Қазақстан облысы ПД ААО арнайы мемлекеттік мұрағаты тобының инспекторы, полиция аға лейтенанты Айнұр Мұқашева. – Бізге тек Қазақстанның тұрғындары ғана емес, сонымен қатар, алыс шетелден де адамдар жүгінуде. Жуырда «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығының басқарма төрайымы профессор Г.К. Ахметованың ғылыми еңбегі үшін 11 анықтама дайындадық. Қуғын-сүргіннен жапа шеккендердің туыстары отбасының құнды тарихи есімін қайта қалпына келтіруде. Айта кететіні, қазіргі күні мұны Халыққа қызмет көрсету орталығы арқылы электронды түрде өтініш беріп, істеуге де болады. Жыл басынан топқа 26 мұрағаттық анықтама берілді. Мектеп оқушылары бізге алғаш жүгініп отыр, балалардың туған өлкенің тарихына деген қызығушылығы бізді шынымен қуантты».
Гүлжанат пен Айнельдің еңбегін жұмыстың бірі деп қана санауға болмайды. Сара Мұқанованың айтуынша, уездік милицияның құрылғанына 100 толуына орай классикалық гимназияның тағы бір оқушысы Солтүстік Қазақстан облысындағы ішкі істер органдарының тарихы бойынша ғылыми жұмысын жазуға дайындық үстінде, оған да полиция мұрағаты қоры өз есігін ашпақ.

Солтүстік Қазақстан облысының ПД баспасөз қызметі

Алғашқы болып пікір жазыңыз

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.


*