Фронт-кеңсе – ашықтықтың алдыңғы шебі

Жуырда ішкі істер органдарының ашықтығын қамтамасыз ету және халыққа қызмет көрсету сервисін заманауи талаптарға сай жүзеге асыру мақсатында Шымкент қаласының Еңбекші ауданы Полиция басқармасының ғимаратында Шымкент қаласы Полиция департаментінің екінші фронт-кеңсесінің ресми ашылуы өтті.
Ашылу рәсіміне Шымкент қаласы әкімінің бірінші орынбасары Нұртай Қайрат және Полиция департаментінің бастығы Ералы Жұмаханбетов қатысты. Мұнда келген халық өзіне қажетті кеңесін алып, өтініштері мен басқа да құжаттарының қысқа мерзімде қабылдануына мүмкіндік алады. Қала тұрғындары ішкі істер органдарына қатысты сұрақтарына жауап алып, қабылданған арыз-шағымдардың қаралуын қадағалайтын болады.
Фронт-кеңсеге келген азаматтарға ыңғайлы болу үшін күту залы, ресепшн, кеңес беретін азаматтардың жұмыс орнында қызметкерлерге қажетті компьютерлік құрал-жабдықтар мен базалар орнатылған.
Арыздардың басым бөлігі лицензиялау-рұқсат беру жүйесі, әкімшілік тәжірибе, қылмыстық істерді тергеу мәселелеріне қатысты болғандықтан, фронт-кеңсе алаңында осы мәселелерге қатысты құзыретті қызметкерлер, яғни жергілікті полиция қызметі, әкімшілік тәжірибе инспекторлары, анықтаушылар мен тергеушілер қызмет көрсетеді.

Шымкент қаласының ПД баспасөз қызметі

Алғашқы болып пікір жазыңыз

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.


*