Ала таяқ қолданысқа енді

Ішкі істер министрлігі 2019 жылдың 1 қыркүйегінен бастап жол қозғалысын реттеу үшін ала таяқты (жезл) қолдануға көшті.
Айта кету керек, ала таяқтар тек жол қозғалысын реттеу үшін, әсіресе, тәуліктің қараңғы уақытында және нашар көріну жағдайында, сондай-ақ:
– жол-көлік оқиғалары және жолдарда кептеліс пайда болғанда, оның ішінде бағдаршамдар істемей қалған:
– көлік құралдарының ұйымдасқан колонналарын алып жүру;
– терроризмге қарсы операцияны және (немесе) күзет іс-шараларын өткізу;
– табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар мен олардың салдарларын болдырмау және (немесе) жою кезінде көлік құралдарын бағыттау үшін қолданылады.
Ала таяқты пайдалану реттеуші беретін сигналдарды жол қозғалысына қатысушылардың қабылдауын жақсартады және полицейлердің қауіпсіздігін арттырады.
Жол жүрісін реттеу сары түсті кеудешелер киіп, арнаулы жарық шағылыстырғыш қолғаптармен ала таяқты пайдалана отырып және ысқырықпен белгі беру бойынша жүзеге асырылады.
Жол қозғалысы қауіпсіздігі сақталуын бақылау көбінесе автоматты тіркеу жүйелерінің көмегімен атқарылады.
Бүгінгі күні автожолдардағы патрульдік полиция жұмысы толығымен автопатрульдеуге ауыстырылғанын атап өту қажет. Яғни көлік құралдарын тоқтату арнайы жарық-дыбыс сигналдарын және дауыс зорайтқыш құрылғылар пайдалана отырып, ала таяқ қолданбай, сигнал беру арқылы автопатрульдеу режимінде жүзеге асырылатын болады.
Полиция қызметкерінің көлік құралдарын қолмен белгі беріп тоқтатуына жол берілмейді.
Ала таяқтарды қолдануға көшу үшін бюджеттен қаржы талап етілмейді. Өйткені, бұрынғы ала таяқтар сақталған.

ІІМ баспасөз қызметі

Алғашқы болып пікір жазыңыз

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.


*