Төтенше жағдайдағы батылдығы үшін

Петропавлда төтенше жағдай кезінде батылдық көрсеткен Ұлттық ұланның сержанты алғыс хатпен марапатталды
29 тамызда Конституция күніне орай Ұлттық ұланның Әскери институтында салтанатты іс-шара өтті.
Іс-шара барысында Төтенше жағдайлар департаменті бастығының уақытша міндетін атқарушы, подполковник Ерік Сарыбаев ІІМ Төтенше жағдайлар комитетінің төрағасы Владимир Беккердің алғыс хатымен Петропавл қаласында болған өртте адамдарды эвакуациялау кезінде батылдық пен қайсарлық танытқаны үшін Ұлттық ұланның №6637 әскери бөлімінің сержанты Дмитрий Буковты марапаттады.
Еске сала кетсек, биыл 3 маусымда Петропавл қаласында №752 бағыт бойынша патрульшілермен бірге қоғамдық тәртіпті және қауіпсіздікті сақтау бойынша қызметке түскен сержант Дмитрий Андреевич сағат 18.30 шамасында Нұрсұлтан Назарбаев көшесіндегі үйдің ауласынан қатты түтін иісін сезеді.
Содан соң «112» құтқару қызметіне ТЖ туралы хабарлап, ол оқиға болған жерге баруға шешім қабылдады. Ол жерге келген кезде тұрғын үйдің екінші кіре-берісінің 1-қабатынан көмекке шақырып жатқан қатты дауысты естіді. Дмитрий Андреевич дереу кіре-беріске кіріп, үйдің есігін ашқан кезде қатты түтін арасынан пәтер иесін көреді. Лаулаған отты сөндіруге тырысып, пәтер иесін таза ауаға шығарды. Содан кейін оқиға орнына өрт сөндіру тобы келіп, тілсіз жауды сөндірді.

Солтүстік Қазақстан облысы ТЖД ӨС және АҚЖҚ

Алғашқы болып пікір жазыңыз

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.


*