Конституция – құқықтық мемлекеттің тірегі

Еліміздің Ата Заңының қабылданғанына – 24 жыл. Құқық қорғау органдары үшін 30 тамыз – ерекше күн. Сондықтан ішкі істер органдары да Конституция күнін жыл сайын кең көлемде атап өтеді. Республикамыздың бірқатар өңірінде полиция ведомстволары Ата Заң мейрамын қалай атап өткенін назарларыңызға ұсынып отырмыз.

ІІМ Төтенше жағдайлар комитеті
29 тамызда Төтенше жағдайлар комитетінде Конституция күніне арналған салтанатты жиналыс өтті.
Құттықтау сөзімен ІІМ ТЖК төрағасының орынбасары Т. Нұрмағамбетов, сондай-ақ, шақырылған қонақ, заң ғылымдарының кандидаты, Президент жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының кәсіби даму институты директорының орынбасары С. Жұмағұлов «Конституция – заңдылық кепілі» тақырыбында сөз сөйледі.
Олар осы жылдары елдің Негізгі Заңы қалай өзгергенін, қандай өзгерістер мен толықтырулар енгізілгенін атап өтті. Осылайша, Конституция Қазақстандағы қоғамдық-саяси, әлеуметтік-экономикалық, мәдени өзгерістердің берік негізі болып табылатынын атап өтті.
Қызметтік міндеттерін адал атқарғаны үшін және Конституция күнін мерекелеуге байланысты Ішкі істер министрінің бұйрығымен, сондай-ақ, ТЖК төрағасының бұйрығымен ТЖК және оның бөлімшелерінің 84 қызметкері ведомстволық наградалармен марапатталды.
Президент Жарлығына сәйкес қызметтік борышын атқару кезінде көрсеткен ерлігі, батылдығы мен жанқиярлығы үшін республика Конституция күнін мерекелеуге арналған ІІМ-де өткен салтанатты жиналыста Қарағанды облысы ТЖ департаментінің 4 өрт сөндірушісі – Берік Рахымжанов, Дархан Райымбеков, Дәулет Алшымбеков, Талғат Медеубаев «Ерлігі үшін» медалімен марапатталды. Олар Қарағанды облысындағы табиғи өрттерді жою кезінде батылдық пен кәсіби шеберліктерін көрсетті және қауіпсіздікті қамтамасыз етуге үлкен үлес қосты.
Конституция күніне арналған іс-шаралар ТЖК-не қарасты барлық бөлімшеде өтті.

***

Көліктегі ПД
Көліктегі Полиция департаментінде ел Конституциясының 24 жылдығына арналған мерекелік іс-шара өтті. Оған департаменттің басшылығы мен жеке құрамы және ішкі істер органдарының ардагерлері қатысты.
Айтулы шара Мемлекеттік Әнұранның орындалуымен басталған соң, департамент бастығы, полиция полковнигі Аманжол Қабылов мерекелік басқосуға қатысқан барлық қызметкерлерді Конституция күнімен құттықтады.
«Ата Заңымыздың қағидаттары мен нормаларын ұстану, конституциялық құндылықтарды қорғау – бұл әрбір адамның азаматтық парызы және қасиетті міндеті. Бүгінде көлік полицейлері жеке тұлғаны, қоғам мен мемлекетті құқыққа қарсы қол сұғушылықтан қорғау үшін барлық күш-жігерді жұмсауда және еліміздің әрбір азаматы өзін қауіпсіз сезінуі үшін күн сайын барлық қажетті шараларды жүргізуде», – деді А. Қабылов. Сонымен қатар, ол департаменттің жеке құрамы алдағы уақытта да өзінің қызметтік борышын абыроймен атқаратындығына сенім білдірді. «Бұл салтанатты күні баршаңызға бейбіт аспан, бақыт, Отан игілігі жолындағы жауапты қызметтеріңізге табыс тілеймін!», – деді еліміздің бас көлік полицейі.
Өз кезегінде ішкі істер органдарының ардагерлері де құттықтау сөзін сөйлеп, әріптестеріне мықты денсаулық және отбасылық бақыт тіледі.
Ішкі істер министрінің және департамент бастығының бұйрығымен мінсіз қызметі үшін, сондай-ақ, Конституция күнін мерекелеуге орай департаменттің және оның желілік бөліністерінің 45 қызметкері Құрмет грамоталарымен және алғыс хаттармен марапатталды.

***

Солтүстік Қазақстан облысының ПД
Петропавлда Конституция күнін мерекелеуге арналған Солтүстік Қазақстан облысы Полиция департаментінің басшылығы мен жеке құрамының салтанатты жиыны өтті.
Юрий КЛЫКОВ
Сәбит Мұқанов атындағы Солтүстік Қазақстан облыстық қазақ сазды-драма театрына облыстық полиция ведомствосының басшылығы, ІІО ардагерлері, ПД жанындағы Консультативтік-кеңесші органның мүшелері, облыстың барлық полиция бөліністерінің офицерлері мен сержанттары, әкімшілік мемлекеттік қызметкерлер жиналды. Қызметте жоғары көрсеткіштерге қол жеткізгені және жеке тәртібі үшін 30 қызметкер Солтүстік Қазақстан облысы ПД бастығы, полиция полковнигі Марат Төлебаевтың қолынан марапаттар алды.
Полиция полковнигі Марат Төлебаев жеке құрам алдында сөйлеген сөзінде құқық қорғау органдары қызметкерлерінің Ата Заңды сақтау бойынша тәулік бойы қызмет атқаратынын атап өтті. «Полиция қызметкерлері қылмыспен күреседі, қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етеді, азаматтардың конституциялық құқықтары мен бостандықтарын құқыққа қайшы әрекеттерден қорғайды. Полиция департаментінің қызметкерлері бұдан соң да өз анттарына адал болып, мінсіз қызмет атқарады деген сенімдемін», – деді ол. Сондай-ақ, Марат Төлебаев экстремалдық жағдайларда, күнделікті қызметте адам өмірін өлімнен арашалаған, қызметте ерекшеленген қызметкерлерге алғысын білдірді.
Тәртіп сақшылары алдында өз құттықтауын облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Ескендір Елеусізов те айтты.
Қызметте жоғары көрсеткіштерге қол жеткізгені және жеке тәртібі үшін 30 қызметкер түрлі наградалармен марапатталды. Олардың қатарында Қызылжар ауданы Полиция бөлімі бастығының кадр саясаты жөніндегі орынбасары Ғұмар Дәуренбеков те бар. Бұл күні ол «полиция подполковнигі» кезекті арнайы атағын алды. Ғұмар Бағытұлы ішкі істер органдарында 20 жыл қызмет атқарып келеді. Жол-патрульдік полициясы батальонында еңбек еткен. Осы жылдың ақпан айынан аудандық Полиция бөлімі бастығының орынбасары лауазымында. «Аға басшы құрамның погонын алуы – өте маңызды оқиға және кезекті арнайы атақтың Конституция күніне орай берілуі ерекше қуантып отыр. Осы қуанышыммен бөлісуге отбасым да келді», – дейді полиция подполковнигі.
Облыс әкімінің құрмет грамотасымен Петропавл қаласы ПБ Әкімшілік полиция бөлімінің Азаматтық және қызметтік қару айналымын бақылау бөлімшесінің инспекторы, полиция майоры Людмила Саморукова марапатталды. «Құқықтық тәртіпке қосқан үлесі үшін» медалімен облыстық ПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы бастығының орынбасары, полиция майоры Иван Терзиди марапатталды. ПД Жергілікті полиция қызметі басқармасының аға инспекторы, полиция майоры Сайран Сәркенов ҚР Ішкі істер министрлігінің Құрмет грамотасын иеленді.
Салтанатты жиын Полиция департаменті Мәдени орталығының әртістері және Сәбит Мұқанов атындағы қазақ сазды-драма театрының шығармашылық ұжымы дайындаған мерекелік концертпен аяқталды. Ерекше өнер көрсеткен балалар вокалдық тобы әдеттегідей қошеметке бөленді.

***

Қостанай облысының ПД
Облыстық ПД Конституция күнін І. Омаров атындағы қазақ драма театрында ерекше атап өтті. Шара барысында әйгілі жазушы Рахымжан Отарбаевтың әңгімесінің желісіне негізделген «Жемқорлық – дерт» қойылымы көрсетілді.
Мерекелік шараға Қостанай облысы ПД бастығының орынбасары, полиция полковнигі Ардақ Ынтықбаев пен Парламент Сенатының депутаты Владимир Волков қатысты.
Жиналған қауымды алғаш болып полиция полковнигі Ардақ Қабыкенұлы құттықтады:
– Сіздерді Конституция күнімен шын жүректен құттықтаймын! Аз ғана уақыт ішінде біз босағасы берік және қарыштап дамушы мемлекет құрдық. Қазақстан экономикада, әлеуметтік және мәдени дамуда биік шыңдарды бағындыра білді. Осы жылдар арасында еліміз әлемдік аренада лайықты бағасын алды. Бүгінгі Қазақстанның әлемдегі жоғарғы беделі – біздің тікелей ішкі жетістіктеріміздің, бейбітшіліксүйгіш саясатымыздың және ірі халықаралық жобалардағы бастамашылығымыздың нәтижесі, – деді А. Қабыкенұлы.
Театрға жиналған тәртіп сақшылары жазушы Рахымжан Отарбаевтың әңгімесінің желісіне негізделген «Жемқорлық – дерт» қойылымын тамашалады. Спектакльдің режиссері – Дос Құбаш. Қойылым мемлекеттік органдардағы жемқорлықтың салдарын баяндайды. Күнделікті өмірде, қызметте сыбайлас жемқорлықтан теріс айналуды полиция қызметі арасында насихаттап, адал қызметке шақырды. Спектакльден ерекше әсер алған көрермен әртістерге шексіз алғыс білдірді.
Бұдан соң мереке қарсаңында ішкі істер органдарының ардагерлері мен бірқатар қызметкер марапатталды.
Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаевтың бұйрығымен Тергеу басқармасы бастығының орынбасары, меншікке қарсы қылмыстарды тергеу бөлімінің бастығы, полиция подполковнигі Асылбек Мадьяровқа мерзімінен бұрын арнайы «полиция полковнигі» атағы берілді. Сонымен қатар, Жангелдин ауданы Полиция бөлімінің бастығы, полиция подполковнигі Талғат Сәбитұлына атқаратын штаттық лауазымы бойынша көзделгеннен бір саты жоғары басшы құрамның арнаулы «полиция полковнигі» атағы берілді.
Сондай-ақ, «Құқық қызметін қамтамасыз етуде үздік шыққаны үшін» медалін Қостанай облысы ПД Штаб басқармасы бастығының орынбасары, полиция полковнигі Серік Дәулетов пен Криминалдық полиция басқармасының аға жедел уәкілі, полиция майоры Нарат Сұлтанов кеудесіне тақты.
ІІ дәрежелі «Ішкі істер органдарының үздігі» төсбелгісін Жедел-криминалистикалық басқармасының криминалистикалық зерттеулер және есепке алу тобының бас криминалисі, полиция подполковнигі Алексей Темный және Жедел қимылдайтын арнайы жасақтың саптық бөлімшесінің аға инспекторы, полиция майоры Дәурен Тоқтамысов иеленді.
ІІМ Құрмет грамотасымен Қостанай қаласы Полиция басқармасы патрульдік полиция батальонының полицей-кавалерисі, аға сержант Нұрлан Ысқақов, ІІМ грамотасымен Ұзынкөл ауданы Полиция бөлімінің учаскелік полиция инспекторлары тобының учаскелік полиция инспекторы, полиция капитаны Денис Несин марапатталды.
ІІМ алғыс хаты Науырзым ауданы Полиция бөлімінің бастығы, полиция подполковнигі Орал Баймурзинге және Құқық бұзушылықтарды анықтау және өз қауіпсіздігін жедел басқару тобының жедел уәкілі, полиция капитаны Батырхан Қалиевке табыс етілді.

***

Шымкент қаласының ПД
«Наурыз» алаңында Конституция күніне орай өткен мерекелік іс-шараға қала әкімдігінің және Шымкент қаласы Полиция департаментінің басшылары, сондай-ақ, департаменттің жеке құрамы, ішкі істер органдарының ардагерлері, БАҚ өкілдері қатысты.
Мерекелік шараны құттықтау сөзімен ашқан қала әкімінің бірінші орынбасары Қайрат Нұртай Полиция департаментінің қызметкерлеріне қызметтік міндеттерін мінсіз орындап, азаматтардың бостандықтары мен конституциялық құқықтарын абыроймен қорғауда абырой биігінен көріне берулерін тілеп, жауапкершілігі мол жұмыстарына сәттілік серік болсын деген тілегін жеткізді.
Қалалық Полиция департаментінің бастығы, полиция полковнигі Ералы Жұмаханбетов жиналған қауым алдында жылы лебізін білдірді.
Салтанатты жиында Ішкі істер министрі, полиция генерал-лейтенанты Ерлан Тұрғымбаевтың бұйрығымен бірқатар қызметкерге «Кезектен тыс арнайы шені», «Атқарып отырған штаттық лауазымынан бір саты жоғары арнайы шені», «Құқықтық тәртіпті қамтамасыз етуге қосқан үлесі үшін» медалі, ІІ дәрежелі «Ішкі істер органдарының үздігі» төсбелгісі, «Құрмет грамотасы», грамота, алғыс хат табыс етілді.
Маңызы мол мерекеде Полиция департаментінің бастығы, полиция полковнигі Ералы Жұмаханбетовтың бұйрығымен қылмыстың алдын алуға, жолын кесуге және ашуға, қоғамдық тәртіпті сақтауға және қамтамасыз етуге белсенді қатысқандары үшін Шымкент қаласының тұрғындары Теңелбай Анетов және Гүлнәр Тауырбаева, Леңгір қаласының тұрғыны Гүлманат Байзақова грамотамен марапатталды.
Ішкі істер органдарының имиджін көтеруге бұқаралық ақпарат құралдарында және әлеуметтік желілерде кеңінен насихаттап, қоғамдық тәртіпті сақтауға және қамтамасыз етуге белсенді қатысқандары үшін журналистер мен блогерлер Уәли Қыдыров, Мұхтар Атабек, Мұхтар Серікбаев, Әсет Әссанди, Айгүл Орынбек, Анаркүл Сүлеева грамотамен марапатталды.

***

Ақтөбе облысының ПД
29 тамызда Ақтөбе облысы ПД басшылығы, жеке құрамының және қонақтардың қатысуымен мерекелік шара болып өтті.
Салтанатты шара Әнұранмен ашылып, Ішкі істер министрі, полиция генерал-лейтенанты Е. Тұрғымбаевтың арнайы құттықтау жеделхаты оқылды.
Ақтөбе облысы Полиция департаменті бастығы, полиция полковнигі Атығай Арыстанов сөз алып, жиналған қауымды құттықтап, Конституция күні мерекесінің полиция қызметкерлері үшін маңыздылығын ерекше атап өтті. Сонымен қатар, Ішкі істер министрлігінің және облыстық Полиция департаменті бастығының мерекелік марапаттау жайлы бұйрығы жеке құрамға таныстырылып, қызметте кәсіби біліктілігінің арқасында жақсы көрсеткіштерге қол жеткізген, қызметтік міндетін қажырлы әрі адал орындаған 5 қызметкер «Құқық тәртібін қамтамасыз етуге қосқан үлесі үшін» медалімен, 3 қызметкер 2 дәрежелі «Ішкі істер органдарының үздігі» төсбелгісімен марпатталды. ІІМ құқығымен 2 қызметкер алғыс хатпен марпатталып, 3 қызметкерге алғыс жарияланды.
Сонымен қатар, Ақтөбе облысы ІІД бастығының бұйрығымен 83 қызметкер марпатталды. Оның ішінде алғыс хатпен 13 қызметкер құрмет грамотасы және алғыс хатпен марпатталса, 70-не алғыс жарияланды.
Салтанатты шара соңы мерекелік концертке ұласты.

Алғашқы болып пікір жазыңыз

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.


*