1 миллион теңгесін жымқырған

Орал қаласы ПБ Абай ПБ криминалдық полиция қызметкерлері қаланың 40 жастағы тұрғынын жұмысқа орналастырмақшы болып, оның 1 миллион теңге көлеміндегі ақшасын жымқырған 1974 жылы туған алаяқ әйелді қолға түсірді.
Тексеру барысында жәбірленуші ақшасын мамыр айында беріп қойған, алайда үш ай күтіп, нәтиже болмаған соң, полиция қызметіне жүгінеді.
Қазіргі уақытта аталған факт бойынша Абай полиция бөлімі ҚК-нің 190-бабы 1-бөлімі (Алаяқтық) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдарын жүргізуде.
Полиция қызметкерлері алаяқтардың құрбаны болмау үшін азаматтарға қырағы болуға және алаяқтарға үлкен көлемдегі ақша бермеуге кеңес береді. Ал жұмысқа орналасу үшін арнайы жұмыспен қамтамасыз ету агенттіктеріне хабарласу керек.

Батыс Қазақстан облысының ПД баспасөз қызметі

Алғашқы болып пікір жазыңыз

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.


*