Халықтың пікірі маңызды

Ақмола облысының ПД көші-қон қызметіне жергілікті тұрғын көмек және қолдау көрсеткені үшін алғыс білдірді.
Красный яр ауылының тұрғыны полицейлерді кәсібилігі және өзінің өтінішін мұқият қарағаны үшін алғыс білдірді. Ол 6 жылға жуық жеке басының куәлігінсіз жүрген.
Көші-қон мәселелері бойынша құрылымның қызметкерлері адамдармен тікелей қарым-қатынас жасайды. Сондықтан олардың жұмысының нәтижесін адамдардың пікірі арқылы бағалауға болады.
Осылайша, Ақмола облысы ПД көші-қон қызметіне туу туралы куәлігі жоқ Красный яр ауылының 24 жастағы тұрғыны жүгінді.
Оның сөзінше, ол 16 жасқа толғаннан кейін отбасындағы қаржылай қиындықтарға байланысты жеке басының куәлігін ала алмаған.
Жасөспірімнің шешесі ол кезде көпбалалы отбасының жалғыз асыраушысы болған, ал әкесі мүгедек. Бастапқыда құжатын ресімдеуге қаражаты жетпесе, содан соң ол азаматтық некеде тұруына және баласының тууына байланысты тиісті органдарға жүгінбеген.
Көші-қон қызметінде айтқандай, кәмелеттік жасқа толғаннан кейін азамат жеке куәлігін уақытында ала алмаса, уақыт өткеннен кейін оған ҚР азаматтығын растау қажет болады.
Ол үшін көші-қон қызметінің қызметкерлері әкімдіктің тиісті қызметтеріне сұрату жолдайды, онда шаруашылық кітаптардан адамның Қазақстанның қандайда бір өңірінде тұрғанына тексеру жүргізіледі.
Осылайша, көші-қон қызметі екі апта ішінде өтініш берушінің құжаттарын тез жинауына көмектесті. Тәртіп сақшыларының көмегімен туу туралы куәліктің көшірмесін және орта мектепті аяқтағаны туралы анықтама алды.
Барлық қажетті құжаттарды жинағаннан кейін ПД көші-қон қызметі басқармасы тұрғынға оның Қазақстан Республикасының азаматы болып табылатындығы туралы анықтама табыстады. Аталған анықтамамен жеке куәлігін алды.
Қазіргі уақытта жеке басының куәлігі болғанының нәтижесінде баласының туу туралы куәлігін ресімдеді, отбасы некелерін ресми турде тіркеуді жоспарлап отыр.

Ақмола облысының ПД баспасөз қызметі

Алғашқы болып пікір жазыңыз

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.


*