Өрт сөндірушілер – өжет ұжым

«Солтүстік Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаментінің Өрт сөндіру және апаттық-құтқару жұмыстары қызметі» мемлекеттік мекемесінде Ата Заң күніне арналған өрт-құтқару спорты бойынша ведомстволық жарыстар аяқталды.
Мұнара қабаттарына шабуылдау баспалдағымен көтерілу бойынша Петропавл қаласы №3 Өрт сөндіру бөлімінің өкілі Марлен Боранбаев бас жүлдені жеңіп алса, екінші орында – №2 Мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің өкілі Қайрат Жұмабаев. Үшінші тұғырға Есіл ауданы, Явленка селосындағы №10 Өрт сөндіру бөлімінің өкілі Нұрлан Жандос жайғасты.
Жауынгерлік қанат жаю бойынша Жамбыл ауданы, Пресновка селосындағы №11 Мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің өкілі жеңіске жетті. Екінші орынға Тимирязев ауданы, Тимирязево селосының №18 Мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің өкілі және үшінші орынға Петропавл қаласындағы №2 Мамандандырылған өрт сөндіру командасының өкілі ие болды.
Спортакиаданың қорытындысы бойынша І жалпыкомандалық орынды Петропал қаласының №1 Мамандандырылған өрт сөндіру бөлімі командасы алды. Екінші орынға Петропал қаласындағы №2 Мамандандырылған өрт сөндіру бөлімі командасы және үшінші орынға «Солтүстік Қазақстан облысы ТЖД ӨС және АҚЖҚ» ММ Петропавл қаласындағы №3 Өрт сөндіру бөлімі ие болды.
Осы күні «Солтүстік Қазақстан облысы ТЖД ӨС және АҚЖҚ» ММ бастығының уақытша міндетін атқарушы, азаматтық қорғау полковнигі Николай Белоусовтың қолынан жарыстың 3 түрі бойынша жекелей, сондай-ақ, жалпыкомандалық есепте жеңімпаз атанған команда өкілдері 12 медаль алды. Дипломдар мен сыйлықтар табыс етіліп, сондай-ақ, «Спорт федерациясына – 10 жыл» медалі Солтүстік Қазақстан кәсіби-педагогикалық колледж командасын дайындағаны үшін жатықтырушы Жанат Дәулеткереевке берілді.
«Барлық қатысушы жақсы дене дайындығын деңгейді көрсетті, ең бастысы – өрт сөндірушілер сенімді, дайындалған, батыл екеніне көз жеткіздік», – деп атап өтті Николай Белоусов

Солтүстік Қазақстан облысы ТЖД ӨС және АҚЖҚ

Алғашқы болып пікір жазыңыз

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.


*