Мекеме ұжымының үлесі

Облыстық Қылмыстық атқару жүйесі департаментіне қарасты РУ-170/1 мекемесі ұжымы «Мектепке жол» акциясына өз үлестерін қосуда.
Мекеме қызметкерлері көпбалалы, аз қамтылған отбасылардың балаларына жаңа оқу жылына дайындалуға қолдау көрсетуде. Аталған санаттағы жанұялардың ұл-қыздарына қаржылай және материалдық жағынан жәрдем берді. Балаларға оқу құралдарын алып беріп, олардың оқу жылы қарсаңындағы көңіл күйлерін серпілтіп тастады.
«Республика бойынша өтіп жатқан «Мектепке жол» акциясының маңызы зор. Осы ретте көпбалалы әріптестерімізге, өзге де әлеуметтік жағынан аз қамтылған отбасыларға жәрдемдесу – біздің ортақ борышымыз. Әсіресе, балалардың қуанышын көру – біз үшін зор бақыт» дейді мекеме қызметкерлері.

Тимур СҮНДЕТОВ, Орал қаласы

Алғашқы болып пікір жазыңыз

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.


*