Туған жерге тарту

Конституция күні құрметіне орай 28 тамызда ТЖК ғимаратында комитет қызметкерлерінің балалары арасында «Туған жер» атты үздік өлең оқу байқауы өтті.
Сайысқа 6-10 жас аралығындағы балалар қатысты, атап айтқанда, олар – Аманжол Дамели, Қабжан Ерболат, Нұғманбек Нұрболат, Ибрагим Назым, Ибрагим Алуа, Асланқызы Айлана, Ханкерей Саятұлы.
Сайысқа қатысушылар өздерінің мәнерлеп оқу өнерлерін көрсетті. Оларға әділ баға беру үшін қазылар алқасы құрамында Ішкі істер министрлігінің өкілі, қазылар алқасының төрайымы Жаниға Доспанова, Мәдениет және спорт министрлігінің өкілі Гаухар Мадан Жанатайқызы, Төтенше жағдайлар комитетінің өкілі Нұрсұлтан Нұрахметов болды.
Байқаудың басты мақсаты – балалардың өлең оқу дағдысын қалыптастыру, олардың есте сақтау, шығармашылық қабілеттерін арттыру, дүниетанымын кеңейту, сондай-ақ, туған жерге деген сүйіспеншілігін балалық шақтан бастап тәрбиелеу.
Сайысқа қатысушылар өздерінің мәнерлеп оқу өнерлерін көрсетті. Қазылар алқасының бағаларын қорыта келе байқауда Дамели Асқарқызы 1-орынды, Алуа Ибрагим 2-орынды және Ханкерей Саятұлы 3-орынды иеленді.
Сайысқа қатысушылардың барлығы комитет атынан дипломдармен және сыйлықтармен марапатталды.

ІІМ ТЖ комитетінің баспасөз қызметі

Алғашқы болып пікір жазыңыз

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.


*