Ауыл инспекторлары автокөлік мінді

Атырауда шалғай ауылдық учаскелік полицейлер жаңа қызметтік автокөліктерінің кілттерін алды.
Учаскелік инспекторлардың жұмысын жақсарту мақсатында ұйымдастырылған семинарда 2 жаңа қызметтік көліктің кілті табыс етілді.
Облыстық Полиция департаментінің бастығы Қамза Үмбетқалиев халықпен тығыз қарым-қатынасты жалғастыру қажеттілігіне назар аударып, полиция жұмысын бағалаудың басты параметрлері – халықтың сенімі мен қауіпсіздігі басты назарда болуы тиістігін атап өтті.
Алғашқы автокөлік облыстың ең шалғай ауылдық округі – Қызылқоға ауданының Тасшағыл ауылына тапсырылды. 30 жастағы Ғаламат Алдамбаевқа алдағы уақытта Миялы ауданы орталығынан Тасшағыл ауылына дейінгі 80 шақырым жолды еңсеру оңайға түседі.
Екінші автокөліктің кілтін Рүстем Өтепқалиев алды. Рүстем үш мыңға жуық тұрғыны бар Ресей Федерациясымен шекаралас Құрманғазы ауданының Бірлік ауылындағы тәртіпті қадағалайды.
Семинар барысында полиция департаменті бастығының атынан қоғамдық тәртіпті сақтауға белсенді қатысатын пәтер иелерінің кооператив төрағалары және қызметтік міндеттерін адал атқарғаны үшін бірқатар учаскелік инспекторларға марапаттар табыс етілді.

Атырау облысының ПД баспасөз қызметі

Алғашқы болып пікір жазыңыз

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.


*