Біріккен жоспар бекітілді

Қарағанды облысы бойынша Қылмыстық атқару жүйесі департаментінің мекемелерінде сотталғандарды, тергеу мақсатында тұтқындалғандарды медициналық қамтамасыз ету функциясын ІІМ-нен Денсаулық сақтау министрлігіне өткізу бойынша жүргізілген пилоттық жоба жұмыстары жүргізілуде.
2019-2021 жылдарға арналған ІІО жаңғырту жөніндегі Жол картасы мен 2019-2023 жылдары ҚАЖ жаңғырту жөніндегі Жол картасында сотталғандарды медициналық қамтамасыз етуді Денсаулық сақтау министрлігіне өткізу мәселесі қаралған.
Сотталғандарды медициналық қамтамасыз етуді ІІМ-нен ДСМ-не өткізудің мақсатқа лайықтылығын бағалау мақсатында «Алматы және Қарағанды облыстары бойынша ҚАЖ департаменттерінің мекемелерінде сотталғандарды, тергеу мақсатында тұтқындалғандарды медициналық қамтамасыз ету функциясын ІІМ-нен ДСМ-не өткізу бойынша пилоттық жоба өткізу туралы» біріккен жоспар бекітілді.
Соған байланысты жуырда Қарағанды облысының Денсаулық сақтау басқармасының селекторлық залында Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртановтың төрағалық етуімен кеңес өтіп, оған облыстық ҚАЖ департаментінің басшылығы, облыстық мекемелер бастықтарының емдеу-профилактикалық жұмыстар жөніндегі орынбасарлары мен облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшылығы қатысты.
Қылмыстық атқару жүйесі департаментінің мекемелерінде сотталғандарды медициналық қамтамасыз ету функциясын өткізу жөніндегі пилоттық жобаның таныстырылымы кеңесінде ҚАЖД бастығының орынбасары, әділет полковнигі Людмила Горохова баяндама жасады. Пилоттық жобада ҚАЖ медициналық қызметтер қызметіне қатысты бірқатар мәселелер және функцияны бір ведомстводан екіншісіне өткізу кезінде пайда болуы мүмкін проблемалық мәселелер ұсынылды.
Сонымен бірге, ҚАЖ мекемелерінің медициналық қызметінің қызметімен танысу мақсатында Денсаулық сақтау министрі Елжан Амантайұлы Долинка кентінде орналасқан АК-159/7 мекемесіне барды. Министрге мекеменің медицина бөлімінің құрылымы, медицина қызметкерлерінің штат саны, материалдық-техникалық базасы, қолданыстағы құрал-жабдықтар көрсетілді.
Министр Е. Біртанов сотталғандарға тегін медициналық көмек көрсетудің кепілді көлемі аясында медициналық көмек көрсету, бекітілген халықты тіркеу бойынша медицина қызметінің жұмысына және денсаулық сақтау басқармасының жергілікті аумақтық органдарымен өзара бірігіп әрекет ету жөнінде жүргізілген жұмыстарға оң баға берді.

Л. ГОРОХОВА, Қарағанды облысы

Алғашқы болып пікір жазыңыз

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.


*