Қос аудандағы қабылдаулар

Солтүстік Қазақстан облысы Полиция департаментінің бастығы, полиция полковнигі Марат Төлебаев облыстың шалғай орналасқан Ақжар және Уәлиханов аудандарында азаматтарды қабылдап, полиция бөлімдерінің жеке құрамымен кездесті.
Ақжар ауданының орталығы Талшық селосында облыстық полиция ведомствосының бастығы аудандық полиция бөлімінің автопаркін тексеруден бастады. Әкімшілік ғимарат, фронт-кеңсе, кезекші бөлім мен қызметтік кабинеттер тексерілді. Полиция полковнигі Марат Төлебаев бөлімдегі мұражаймен де танысты. Мұражайға сирек кездесетін фотосуреттер, қару-жарақ, техника және ішкі істер органдары қызметкерлерінің басқа да керек-жарақтары қойылған. 2015 жылдан бастап екінші ғимаратта мұражай бұрышы жұмыс істейді. Енді оқушылар мен жас ұрпаққа ыңғайлы етіп жөндеуден өткен бөлек үй-жай бөлінген.
Материалдық базамен және жұмыс жағдайымен танысқан соң, Полиция департаментінің бастығы азаматтарды қабылдады. Кейін жеке құраммен кездесу өткізіліп, онда департамент бастығы жедел-қызметтік жұмыстағы кемшіліктерге тоқталды. Сондай-ақ, ұжымға халықпен тығыз жұмыс істеп, барынша көмек көрсетуді тапсырды.
Бұл күні Уәлиханов ауданының сақшыларымен де кездесу өтті. Полиция полковнигі Марат Төлебаев аудан әкімі Медет Оспановпен бірге Кішкенекөл ауылының орталығында орналасқан учаскелік полиция пунктінің жабдықталуымен, сонымен бірге, полицияның әкімшілік ғимаратымен танысты. Аудандық Полиция бөлімінің фронт-кеңсесінде азаматтар жеке сұрақтарымен қабылданды.
Полиция департаментінің бастығы атап өткендей, облыс орталығынан алыс орналасқан аудандардың полиция қызметкерлері басшылықтың бақылауын сезініп, күнделікті қызметте қоғамдық тәртіпті және жол қозғалысы қауіпсіздігін қадағалап, оларға үлкен жауапкершілік артылғанын жақсы түсінуі тиіс.
Тағайындалған күннен бастап үш жарым айда Полиция департаментінің бастығы Марат Төлебаев 35 қабылдау өткізіп, 107 адамның сұрағын тыңдады.

Солтүстік Қазақстан облысының ПД баспасөз қызметі

Алғашқы болып пікір жазыңыз

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.


*